РУХАНИ КӨПІР немесе тіл үйрету орталығының көкжиегі

       Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Дайындық, тіл үйрету орталығы сонау 1997 жылы іргесі қаланған болатын. Тіл үйрету орталығы содан бері шетелдік студенттерге, шетелден келген қандастарымызға қазақ тілін үйретіп, ал, қазақ білімгерлерге шетел тілдерін оқытып, сапалы білім беріп келеді.

       Әуел баста шағын бөлім ретінде құрылған орталық бүгінде факультет деңгейіне көтерілді. Бөлімді 1997-1999 жылдары п.ғ.к., профессор С.Бабаев, 1999-2001 жылдары түркиялық азамат Джемал Шафақ, 2001-2005 жылдары бөлімді п.ғ.д., профессор Қарлығаш Қадашова басқарды.
       2006 жылғы университет Сенаты шешімімен Дайындық бөлімі Кентау қаласы-на көшіріліп түрік тілдес республикалар мен қауымдастықтарынан және шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдері мен оралман тыңдаушыларға білім беретін Дайындық факультеті болып құрылды. Соң-ғы жеті жылда факультет құрылдымдық жағынан бірнеше рет өзгерді. Кентаудағы Біліктілікті жетілдіру факультетінің құрамына енді, бір бөлігі Түркістанға көшірілді. Бұл ұжымға Б.Сыдықов, А.Байниязовтар да басшылық етті. 2010 жылдан 2013 жылдың желтоқсан айына дейін ф.ғ.к., доцент Н.Айтбаева басқарса, ал қазіргі таңда орталықты доцент Т.Динчай басқарады. Орталық құрамында Қазақ, орыс, ағылшын тілдері кафедрасы, түрік тілі кафедрасы жұмыс істейді. 
        2013-2014 оқу жылында Дайындық, тіл үйрету орталығында Түркия Республикасы мен 29 түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген 217 тыңдаушы қабылданды. 
2013-2014 оқу жылында Дайындық тіл үйрету орталығына Түркиялық оқытушылардың келуі студенттердің түрік тілін үйренулеріне оң нәтиже берді. Түркиялық оқытушылар мен қазақ оқытушыларының үйлесімді және бірлікте болып жұмыс жасаулары қуантарлық жағдай. Жуырда тіл үйрету орталығын аралап танысқан І-Вице президент профессор Мұса Йылдыз, студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын көріп таңданысын жасыра алмады.
       Дайындық, тіл үйрету орталығы – түркі дүниесі тыңдаушыларына шетелдік студенттерді қазақ тілін меңгертіп, қазақ тілінде білім алуға дайындау мақсатында құрылған. Сонымен қатар, қазақ және түрік тілдерінің ұқсастығын, үндестігін таныту және ортақ тіл мәселесін ұғын-дыруды бағдар етеді. Жастарымыз тілді терең меңгерсе, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін қастерлесе, өз Отанын шексіз сүйетін түрікшілдік ой-санамен сусындаса, бауырлас түрік халықтарын құрметтесе, әлемдегі құдыретті рухани біртұтас түркі дүниесі қалыптасады. 
Орталықта бүгінгі білім беру жүйесінің талабына сай жеткен жетістіктері де аз емес. Атап айтар болсақ, 2011-2012 оқу жылы Алматыдағы Іскерлік және карьера институты мен Юнус Емре түрік мәде-ниеті орталығы ұйымдастырған республикалық түрік тілі олимпиадасында студенттеріміз 3 номинация бойынша 2 бірінші орынды және 1 үшінші орынды жеңіп алды. Яғни, ғылыми жоба бойынша 1-ші орын, түрік тілінде ән айтудан 1-ші орын, мәнерлеп өлең оқудан 3-ші орын.
       2011-2012 оқу жылының желтоқсан айында Аябек Байниязов Сүлеймен Демирел атындағы университетте «Түрік тілінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинарға Қазақстан-дағы бүкіл түрік тілін оқытатын ЖОО-дан оқытушылар қатысты. Биылғы оқу жылының қазан айында А.Байниязов Англияның Норвич қаласында 2 апталық біліктілікті арттыру курсын, сонымен бірге «Өрлеу» республикалық біліктілікті арттыру институты курсын аяқтап сертификат иегері атанды. Орталық оқытушысы Н.Ирисбекова Түркияның Мевлана бағдарламасы бойынша үстіміздегі оқу жылы қазан айында Түркияның Сивас қаласында іс-тәжірибеден өтіп келді. Оқытушы Элмира Әділбекова 21 қазан мен 18 қараша арасында Түркия Республикасының Думлыпынар университетінде Мевлана бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасып қайтты. 
         Дайындық, тіл үйрету орталығы – түбі бір, тілдері ұқсас түркі халықтарының жастары бірлескен орталық. Бұл түркі әлеміндегі шынайы достықтың, мәдени және рухани байланыстардың жарқын көрінісі. Дайындық, тіл үйрету орталығы – түркі дүниесі тыңдаушыларына шетелдік студенттерді қазақ тілін меңгертіп, қазақ тілінде білім алуға дайындау мақсатында құрылған. Сонымен қатар, қазақ және түрік тілдерінің ұқсастығын, үндестігін таныту және ортақ тіл мәселесін ұғындыруды бағдар етеді. Жастарымыз тілді терең меңгерсе, халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін қастерлесе, өз Отанын шексіз сүйетін түрікшілдік ой-санамен сусындаса,әлемдегі құдыретті рухани біртұтас түркі дүниесі қалыптасады.
        Халықаралық мәртебеге ие, қазақ-түрік халықтары достастығының қарлығашы іспетті (1991) оқу ордамызда осы бағытта атқарылып жатқан сан тарапты игі жұмыстарда өзіндік үлесін қосып келе жатқан Тіл үйрету, дайындық бөлімінің алар асуы, шығар биігі алда деп есептейміз. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, түрлі тілді меңгерген, заман талабына сай маман даярлауда орталық оқытушылары мен қызметкерлері аянбай еңбектеніп келеді. Ортақ тіл, ортақ сана, ортақ тарихымызды жетілдіріп жаңғыртуда АЛЛА бәрімізге абырой берсін деген тілектеміз.
Қарлығаш ӘШІРХАНОВА, Дайындық, тіл үйрету орталығының оқытушысы.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика