Заң жобасы талқыланды

       Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ш.Мырзахметов, Б.Ертаев, У.Бишімбаев және Р.Халмұрадовтың облыстық соттың судьяларымен кездесуі өтті. 
       Кездесуде өткен жыл­дың 20 қарашасында Қазақстан Судьялар одағының VІ сьезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сот реформасын дамытуға байланысты берген тапсырмалары мен ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы соттардың жұмысын жетілдіруге қатысты қойған міндеттеріне байланысты Парламент Мәжілісінің депутаттарымен пікір алысулар болды.
       ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріпов «Қазақстан Республикасының cот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» және апелляциялық сот алқасының төрағалары Б.Әметұлы мен М.Балкен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының жобаларына қатысты нақты ұсыныстарын мысалдармен жеткізді. 
       Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары Ш.Мырзахметов, Б.Ертаев, У.Бишімбаев және Р.Халмұрадов жоғарыда аталған заң жобаларына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, айтылған ұсыныстардың орынды екеніне тоқталып, оған түсіністікпен қарайтындарын білдірді. 
Қабыл ДҮЙСЕНБИ, ОҚО сотының баспасөз хатшысы.
  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика