Бейнекамераның пайдасы тиді

tories/2164853.jpeg» width=»270″ height=»169″ alt=»2164853″ style=»float: right;» />

       Тентек суға тойып алған бір жүргізуші көлігімен жол бойында зырылдап келе жатса, жолда жол полициясы тұр екен. Мас болғандықтан жүргізушінің көзіне жол полициясы бірнешеу болып жолды жауып тұрғандай көрініпті.
       Көлігін тоқтата салып жүргізуші:
— Жолдас милиционер, өтіп кетуге рұқсат па? — десе, жол полициясы қарап тұрып:
— Біртіндеп өтіңдер, е, — деген екен. Бұл — анекдот. Жалпы айта берсең, жол сақшылары туралы алып-қашпа әңгіме, әзіл-қалжың көп. Біздің айтпағымыз қалжың емес, болған оқиға. Бұл жолы көлік жүргізушісіне көмекке жол полициясы емес, бейнекамера келді.
       Осы аптада ОҚО сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби мен Азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Мадияр Темірұлы Балкен БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Брифингте арқау болған тақырып — жүргізуші Чернова.О.В. мен кәмелетке толмаған жүргінші Диана Әселханованың арасындағы жол қақтығысы.
Жол оқиғасы туралы мынаны айтуға болады. Азаматша Чернова Шымкент қаласының Тәшенов көшесінің бойында Диана Әселханованы көлігімен соғып кеткен. Сөйте тұра кінәлі емес екенін дәлелдеп шықты. Қалай дейсіз ғой? Баяндайық.
       Сот орнында әкімшілік істі қарау бойынша алғашқы сараптаманың нәтижесі азаматша Чернованы кінәлі деп тауып, әкімшілік айыппұл салынған. Соған қарамастан жүргізуші Чернова өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін, апелляциялық шағым түсірген. Оның сенгені — көлігінде орнатылған бейнекамерасы болатын. Оқиға таспаға қаз-қалпында түскен. Шағым негізінде бейнетаспадағы материалдар мұқият тексеріліп, Чернованың кінәлі еместігі анықталды. 
       Зерттеу сараптамасы: 
       Жәбірленуші Диана Әселханованың қызылға өткенін, ал, көлік жүргізушісі Чернова. О. В. жасылға өткенін анықтады.
       Жүргінші көліктің алдынан 4 метр қашықтықта жүгіріп өтпек болған. Жүргізушінің мұндай арақашықтықта тежегішті қосып көлікті тоқтатуға ешқандай да мүмкіндігі жоқ.
Тағы бір фактор. Адамға ойлану үшін кемі 8 секунд керек, ол уақыт жетіспеген. Сондай-ақ көлікте келе жатқан адамға алдын көру үшін 25 секунд керек. Ғылыми дәйектер осылай дейді. Сол себепті де сот бұл жол оқиғасын абайсызда болған оқиға деп тапты. Ал, дәлел ретінде бейне таспа материалы алынды.
       Десе де жауапкер Черноваға зардап шегушінің денсаулығына жұмсалатын шығынды өтеп беру міндеттелді.
Ж.ҮСЕНТАЕВ, «Қызмет»газеті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика