ҚазАқпарат — Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы тұрғындарына Сырдария өзенінің тасуынан еш қауіп жоқ. Бұл туралы ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Арман Әсибеков хабарлады.
ОҚО-да су тасқыны Көксарай реттеуіші ауданында қалыптасқан мұз құрсауы салдарынан орын алды. Бұдан басқа, Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 900 текше метр су тасталуда, деп атап өтті ТЖД.
Бірқатар БАҚ-тарда хабарланған жылқы үйірі, басқа да мал табындарының қырылуы туралы ақпарат бойынша А. Әсибеков «мұны жаппай мал қырылып жатыр» деп түсінуге болмайтындығын айтты. Бұл — алдын ала ескерткенге қарамастан, малдарын қауіпсіз жерге көшірмеген бірлі-жарым селқос фермерлердің әрекетінен болған жағдай.
Leave a Reply