Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Жарықшамдардың тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр.
Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған.
Одан бөлек, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі жарық жүйелерін қайта құру жұмыстары, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Leave a Reply