ЛИ ЯКОККА: Егер айналамда алымды 25 азамат бар болса, мен АҚШ-тың үкіметін басқарар едім

   Америкаtories/imagescad1j1ji.jpg» width=»276″ height=»178″ />лық ұлы менеджер Ли Якокканың аты газет-журналдан, телеэкраннан түскен емес. Танымалдық жөнінен 1986 жылы жүргізілген сауалнаманың нәтижесі оның сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейганнан кейінгі екінші орында тұрғанын көрсетті. Ал, 1987 жылдың соңында ол ең танымал тұлғалардың алғашқы ондығы сапында Р.Рейган, Рим папасы Иоан Павел-екінші, Дж.Буш, Дж Картерлермен қатар тұрды. Атақты Гэллал институты ұсынған «таңдаулылар» тізімінде қайнап жатқан іскерлер әлемінен жалғыз ғана атақты «Крайслер» автомобиль компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Якокка еімінің аталуы оның асқақ абыройының арқасы еді. Оның атағы жер жарған « Менеджер  карьерасы» кітабы 100 миллионнан астам данамен шықты. Бұл кітапта шала сауатты итальяндық босқын азаматтың ұлының алып американдық бизнестің элиталық ортасына қалай келгені жайлы баяндалады. Ол құрдымға кетіп бара жатқан «Крайслерді», «Форд моторстың» ұзаққа созылған техникалықөрлеуін командалық стильмен (командирлікпен шатастырмаңыз) қамтамасыз етті. Бірақ Якокка 1978 жылдың шілдесінде жұмыстан кетуге мәжбүр болды. Ол бұған дейін 8 жыл бойы «Форд» компаниясының президенті міндетін   атқарады, аталған компанияға ұзын-ырғасы 32 жыл ғұмырын арнайды. Оның қысқа да нұсқалығымен ерекшеленетін  сөздері     бизнес   әлемінде үлгіге айналған.

Мен Якокконың үш жүз беттік   қалың кітабын       зейінмен, зер сала оқып шықтым. Біз әдетте Құранға, Інжілге көп жүгінеміз. Бұл керек. Бірақ XX ғасырдың сапасы жоғары тұтыну тауарларын   бұқараға лайық, ыңғайлы әрі арзан етуге қол жеткізген даналар мен философтарды дүниеге әкелгенін де ескере жүргеніміз жөн. Сондай дананың бірі – Ли Якокка. Оның насихат және басшылық үшін  айтқан   дана  сөздерінің аз ғана бір бөлігін  мысал етіп келтірейік:

 *Түптеп келгенде барлық шаруашылық операцияларын үш-ақ сөзге 
сыйғызуға болады: адам, өнім, пайда. Міндетті түрде бірінші орында   адам тұрады. Егер сізді қолдайтын сенімді команда болмаса, ісіңіз өнбейді. Көп жылдар бойы мен өзімнің іс жүргізушілеріме мынадай қарапайым сауалды қайталап   қоюдан жалыққан  емеспін:

«Сіз таяудағы үш айда алдыңызға қандай міндеттер қойып отырсыз? Қандай жоспарларыңыз, басым  бағыттарыңыз, үміттеріңіз бар? Олардың орындалуы үшін қандай әрекет   істемекшісіз?

*Егер хатшы қыздар  қолы бос, құр әңгіме айтумен  уақытын өткізетін болса-бұл  мекеменің     іріп-шіри   бастағанының  белгісі…

tom: 0pt;»>      *Мен қалыпты жағдайда адамдарды бір жұмыстан екіншісіне ауыстырғанды қолдамаймын. Соңғы кезде сәнге  айналып бара жатқан 
әкімшіні компанияның бір  бөлімінен екінші бөліміне  ауыстыра бергенді де құп  алмаймын. Құдды бір барлық  кәсіп бір-бірін алмастыра беретін сияқты. Мүлдем олай емес. Бұл кардиолог маман туралы: « Ол жүрек хирургиясының таптырмайтын маманы. Ендігі аптада әйелдерді босандырады» дегенмен бірдей. Байқамай солай дей  қалсаңыз күлкіге булыққан жаныңыздағы адам сізге   бірден әйелдерді босандыратын дәрігердің жүрек ауруларына  қатысы жоқ екенін   тәптіштеп  түсіндіріп берер еді. Бір сала бойынша шыңдалған  шеберліктің екіншісіне икемделе қоюы қиын. Бизнес әлемінде дәл солай.

tom: 0pt;»>     *Егер маған, жақсы менеджерге қажетті қасиеттерді  сөзбен сипаттау керек болса мен бәрін «батылдық» ұғымына сыйғызар едім. Сіз мейлі әлемдегі ең озық компьютерді пайдаланыңыз, тіпті толып жатқан көрсеткіш-өлшемдер мен сызбаларды жинаңыз, түптеп келгенде сізге барлық ақпаратты бір   уысқа жинап, жұмыс кестеңізді түзіп әрекет жасауға тура келеді.

tom: 0pt;»>     *Ашкөздік, өзімшілдік, тәуекелге бармай тайсақтау Американы орасан зор қуатынан айырып, қарызға белшесінен батыра берді, батыра берді.

tom: 0pt;»>     *Сауда өнерін меңгеру үшін уақыт, табандылық, күш керек. Бұл өнер сіздің  екінші болмысыңызға айналғанша еңбектене бересіз. Бүгінгі жастардың бәрі бірдей мұны түсіне бермейді.Олар табыскер бизнесменге қарап тұрып, оның осы дәрежеге жеткенге дейін қандай қателіктер жібергені туралы ойлана қоймайды. Қателік өмірдің ажырамас бөлігі. Одан  қашып құтылу мүмкін емес. Тек қана  сол   қателіктер тым қымбатқа түсіп кетпесін және  сол қателігіңізді қайталай қоймайтын боларсыз деп   сенуден басқа амал жоқ.

tom: 0pt;»>     *Жапония соғыстан кейін қираған шаруашылығын қалпына келтіре    
бастағанда үкімет басым бағытты автомобиль, химия, болат қорыту, кемежасау және машинажасау өндірісіне берді. Жапон шаруашылығының болашағы «қайдан шықсаң одан шық»   деп бей-берекет тағдыр   талқысына тасталған жоқ. Нарық ойынына тәуелді де етілген жоқ. Бірақ, Жапония   экономикасының бәрі жоспарға құрылған Кеңес Одағы емес.Жапония үкімет пен   өндірісті өзінің ұлттық мақсаттарына жету жолына біріктіре алған, басымдық бағыттарын айқындап алған мемлекет.

tom: 0pt;»>    *Бірде әкем өзінің мейрамханаларында келушіге дөрекілік көрсеткен қызметкерді сол замат жұмыстан босатты. Ол оған: «Сіз қаншалықты жақсы болсаңыз да бұл жерде сізге орын жоқ, себебі сіз клиенттермен мүлдем 
жұмыс   істей алмайсыз» деп түсіндірген-ді.

tom: 0pt;»>     *Мен алымды, алғыр адамдарды іздеймін. Олардың аз ғана тобы болса жетеді.Егер менің айналамда сондай 25 азамат болса, мен АҚШ-тың үкіметін басқарар едім. Ал, «Крайслер»  корпорациясында олар менде оннан асады. Мұндай менеджерлердің артықшылығы қарамағындағыларға қалай тапсырма беру керек екенін білетіндігінде. Адамдарды тірлікке шабытпен жұмылдыра алатындығында. Олар   «осал буындарды» дөп басады, басым бағыттарды анық көреді. Олар «бұл істі ұмытыңдар, оны бітіруге он жыл керек. Біз бүгін мына  іспен айналысуға тиіспіз» дей  алатын көреген ұйымдастырушылардың қатарынан.

tom: 0pt;»>      *Проблема бар. Бәлкім, сауда еркіндігінің мифі туралы айтқанымыз дұрыс болар. Менің білуімше тарихта сауда еркіндігі 4 рет болған. Оның біреуі оқулықтарда келтірілген. Іс жүзінде сауда еркіндігін жүзеге асырған   үш-ақ ел болды, олар:Голландия, Англия, АҚШ. Голландияда  бұл еркіндіктің ғұмыры тым қысқа болды. Англия өндіріс революциясының бас кезінде сынап  көрді. Америка екінші дүниежүзілік   соғыстан кейін тәуекел жасады. Асылы, ағылшындарға бұл тәжірибені екі жүз жыл бұрын жүргізу керек еді, себебі олардың ол уақытта бәсекелестері болған жоқ. Өзге мемлекеттерде өнеркәсіп дами бастағаны сол ағылшындар сауда еркіндігінен бас тартты.

tom: 0pt;»>     *Жапондықтар болатты АҚШ-қа «сыпайы контрабандалық» жолмен
жөнелтті.Әңгіме төрт доңғалақты ғажайып   темір тұлпарлар туралы болып отыр.

tom: 0pt;»>    *Мен жапондарға бас иемін. Неге? Себебі олар өзінің өткенін, бүгінін және қайда бара жатқанын біледі. Ең бастысы, бұл халықтың өз мақсатына жету үшін жасаған ұлттық стратегиясы бар.

     *Жапондықтар сапалы, озық үлгілі автомобильдер шығаруға қалай қол  жеткізді? Жұмысшылардың арқасында. Бұл елде жұмысшы  күшінің шығыны бізге қарағанда  төмен, жапон жұмысшысының 
жалақысы американдық әріптесінің  айлық еңбекақысының 60 пайызындай. Оларда біздегідей медициналық жәрдемақы төленбейді.

 

     *Америкада ғалымдар, инженерлер, зертхана қызметкерлеріне қажеттілік басым. Адам басына шаққанда жапондық оқу орындары бізге қарағанда инженерлерді төрт есе көп дайындайды. Керісінше біз юристерді он бес есе артық дайындаймыз. Жоғары технологияға қажет мамандық таңдаған студенттерге арнайы степендиялар тағайындап, несие бөлген жөн. Кеңестер Одағы мен Жапония технологиялық білімнің деңгейін көтеру үшін көп күш, қаржы жұмсады, ал біз оларға ілесе алмадық.

 Американдық индеецтерді айтпағанда, біз бәріміз иммигранттармыз, болмаса иммигранттың ұрпақтарымыз.Сондықтан да бізге бойымызға сіңіп   кеткен таптаурындылықтан шығуымыз керек. Италяндықтар бұл елге пицца мен спагеттиден басқа  да   толып     жатқан   игілік әкелді. Еврейлер де, немістер  де солай. Әр этникалық топ өзінің   мәдениетін, музыкасын, әдебиетін, өнерін   әкелді. Мұның   бәрі америкалық қазанда бірге   қайнады, соған қарамастан біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалдық. Соңғы елу жыл бізге не жаман, не жақсы-осыны ажыратуды үйретті. Жетістікке  тынымсыз   еңбектің арқасында ғана жететінімізді түсіндік.

Мұнан артық не айтуға болады? Дөп айтылған сөз. Алып-қосарым жоқ. Тек қана біздің де уақыт оздырмай вакуумнан кеңістікке шығып, сілкініп, әлемдік   заңдылықтар аясында жұмыс істейтінімізге сенгім келеді.

Бейсенкүл Нарымбетова,

Бетті дайындаған: Н. Әлімбаев,

Сурет: smartexecutive.livejournal.com сайтынан алынды.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика