25-қазан Республика күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының жастары арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты іс-шара басталды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты — Шымкент қаласындағы талантты, белсенді әрі дарынды жастардың елдің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араластыру, жастар арасында салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру. Еліміздегі түрлі салалардың дамуына үлес қосып жүрген жастарды қолдау, дарындылығымен көзге түсіп жүргендерді ынталандыру.
![](http://kyzmet-gazeti.kz/wp-content/uploads/2022/10/311139197_1250530745491055_4774005326582639289_n-300x200.jpg)
![](http://kyzmet-gazeti.kz/wp-content/uploads/2022/10/312386913_1250530742157722_7175011691184784843_n-200x300.jpg)
Ертең «Тарихи күндер тізбегімен» атты іс-шараның екінші кезеңі өтеді. Онда қыздар арасында ұлттық тағамдар әзірлеуден: бауырсақ пісіру, қамыр жаю, кеспе турау, майсөк әзірлеуден жарысқа түседі.
Ал үшінші күні дәстүрлі өнер бойынша дәстүрлі әндер мен биден жекелей немесе топ болып сайысады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихы жайында викториналық сұрақ-жауап жарысы да өтетін болады.
Додаға қатысушылар ұлттық құндылықты дәріптеп, көрермен көзайымына айналды. «Тарихи күндер тізбегімен» шарасына қатысушылардың шарты оңай көрінгенімен, рухани берер азығы көп. Дәстүрлер қайта дәріптеліп, жастарға үлгі етілмек.
Leave a Reply