Еуропаның ең танымал парфюмерлік үйлері ғалымдардың ерекше назарына алынып отыр. Сарапшылардың пікірінше, ЕО-ның 15 млн. тұрғыны косметика құрамындағы ингредиенттерден болатын аллергиядан зардап шегеді.
tories/chanel-n5.jpg» width=»200″ height=»200″ alt=»chanel-n5″ style=»float: right;» />
Сұрақ туғызған брендті өнімдердің арасында танымал Chanel №5 әтірлері де бар. Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ғылыми комитеттің баяндамасына сәйкес, әйгілі әтірдің жұпар иісін жасауда ағаш мүгінің ерекше түрі қолданылған. Онда аллергендердің үш түрі бар — НІСС, атранол және хлоратранол.
«Раушан немесе цитрус жемістерінің хош иісін жасау үшін пайдаланылатын 12 химиялық зат пен 8 табиғи экстрактты Комиссия «ерекше қауіп төндіретін» топқа жатқызған», деп жазады rosbalt.ru.
Chanel №5 әтіріне тыйым салынбағанмен, оның формуласын өзгерту қажеттігі сөзсіз.
Жаңа өзгерістер 2014 жылдың соңында — 2015 жылдың басында болуы мүмкін.
Leave a Reply