ДЕНДРОСАЯБАҚТА 4500 ТЕРЕК ЖӘНЕ 1500 РАУШАН ҚАЛАМШАЛАРЫНАН КӨШЕТ ЕГІЛДІ

А. Асқаров атындағы шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында раушан гүлдерді қырқу жұмыстары жүргізілді және олардың бұтақтарынан 1500 қаламша дайындалып арнайы орынға көму жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар 4500 дана терек қаламшасы және 3000 дана бюричина қаламшасы дайындалып арнайы жер қазылып көмілді. Жылыжайға саябақ аумағынан жасыл қаламша тәсілімен, мәңгі жасыл джамшит бұтасы егілді.

Қыс мезгіліне төзімсіз, жылу сүйгіш өсімдіктер (банан, алоэ, гинго, лимон) арнайы ыдыстарға отырғызылып, зертханаға кіргізілді. Алдағы уақытта өсу, сақталу процестері бақыланатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика