ТӘУКЕ ХАН ДАҢҒЫЛЫ, «ФИРКАН» САУДА ҮЙІ МАҢЫНДАҒЫ 4,2 ГА ҚОҚЫС АЛАҢЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Тәуке хан даңғылы бойындағы «Фиркан» сауда үйі маңындағы 4,2 гектар алаңды алып жатқан қоқыс полигоны жақын арада абаттандырылады. Бұл туралы Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбук парақшасында жарияланды.

Қазірдің өзінде бір жағы Тәуке хан даңғылы Шымқаланың көлік ағыны ең мол көшелерінің бірі болып табылатындықтан, екінші жағынан «Фиркан» сауда үйіне келетін тұрғындар санының күн санап артып келе жатқаны ескеріліп, аталған қоқыс алаңын абаттанған демалыс гүлзарына айналдыру уақыт талабы болып отыр.

Жоба авторлары осыны ескере отырып, жақын арада жасыл желекті алқапқа айналдыруды көздеп отыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика