Шымкент қаласының Энергетика Басқармасының басшысы Шайхсламов Жолшыбек Мұхтарұлымен дәл қазір өтіп жатқан ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІ пайдаланып, Қайнарбұлақ тұрғын алабында электр жарығының қымбаттауы туралы, көгілдір отын мен ауыз судың жоқтығы жөнінде тағыда сауалымды нақтылау үшін мына сұрағымды жолдадым.
Электр жарығы жөнінде Шымкент қалалық Энергетика Басқармасының берген мәліметі бойынша, «Береке» ЖШС тарапынан ПСД әзірленген және ол 31.12.2019 ж. күні №LTD-0267/19 ГосЭкспертизадан өткен екен. Демек, ГосЭкспертизаға әлі бір жыл толмаған. «Онда, заң талаптарына сәйкес осы жылдың соңына дейін СМР-ға конкурс жариялануы тиіс пе?» деген сұраққа Шымкент қалалық Энергетика басқармасы келесі 2021 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында (ГЧП) құрылыс жұмыстары жүретіндігін айтты.
Leave a Reply