ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруды тапсырды. Осыған орай қоршаған ортаны қорғау және экологиялық дамуды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев тікелей эфирде сұхбат берді.

– Басқарма тарапынан экологиялық туризмді дамыту арқылы бұл саланы жаңғыртуда біршама жұмыс атқарылуда. Бір қуантарлығы, шымкенттіктердің экосауаттылығы жоғары деңгейде. Маусым айынан бастап жас ұрпақты осы салаға бейімдеу мақсатында «жас саяхатшылар» клубы жұмыс істеуде. Жас саяхатшылар клубы – қалалық Альпинизм, спорттық туризм және мұзға өрмелеу федерациясының бастамасымен Қазақ географиялық қоғамы және Туризм басқармасы бірлескен үлкен жоба. Мақсаты – жастарды экосауаттылыққа үйрету ғана емес, таулы аймақтарда тазалық сақтау әдебін түсіндіру, – деді Олжас Маратұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, «жас саяхатшылар» клубы кез келген экстремалды ситуацияда өзін басқара білу және алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету мәселелерін қамтиды. Яғни, бір адамнан келесі адамға ұсынылатын ұлттық сабақтастықты білдіреді.

Айта кетейік, әлемдік пандемия зардабына қарамастан қоғамдық бірлестіктер жаңа кезең, жаңа жағдайға бейімделіп жұмыстарын атқаруда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика