ТАНЫМАЛ АЛЬПИНИСТ ТӘЖІРИБЕСІН БӨЛІСТІ

Туристердің қауіпсіздігі қашанда маңызды. Бұл бүкіл дүниежүзінде талқыланбайтын тақырып. Шымкент қаласы да туризм көшіне ілесе бастады. Туристер әдетте бір қаланы таңдап келмейді. Жақын маңдағы туристік бағыттардың бәрін қамтуға тырысады. Қалаға және қала маңына  жақын орналасқан туристік аймақтарға өзге өңірлер мен қалалардан, шет елдерден келетін саяхаттаушылардың саны күннен күнге артып келе  жатқанын ескерген тиісті мекемеспорт шебері, альпинизмнен жоғары санаттағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Степан Шифманның Шымкент қаласының гид-экскурсоводтарына арнайы семинар өткізуін ұйымдастырып берді.

Аталған семинарды  «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Southpeak.kz» спорттық және экстремалды туризм командасы бірлесіп ұйымдастырды. Батыс Тянь-Шань  тауларында қар көшкіні қауіпсіздігінің негіздері және қауіпсіз сырғанауды ұйымдастыру бойынша өткен тренингке Шымкент қаласынан 30-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм саласындағы нұсқаушылар қатысты. Семинар соңында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табысталды.

Қазіргі таңда Шымкентте гид-экскурсоводтарға жүгінушілер саны артқан. Туроператорлар мен турагенттермен бірлесе жұмыс атқаратын мамандар келушілерге шаһардың тарихи, мәдени жерлері бойынша ақпарат береді.

Экстрималды туризмді қазір қазақшаға шытырман оқиғалы туризм деп те аударып жүр.

*Тақырыпқа орай

Туризм дегеніміз не?

Туризм — денені шынықтыру мақсатында ұйымдастырылған топтық жорықтардан тұратын спорттың бір түрі. Кейбір зерттеушілер туризмге осындай да анықтама береді.

Сондай-ақ, туризм дегеніміз — тұрғылықты жерінен, жұмысқа орналасудан бөлек, басқа елге немесе елді мекенге кез келген мақсаттағы сапарлар, саяхаттар дейтіндер де бар.

Жалпы туризм бірнеше түрге жіктеледі. Біріншіден, шығыс, келу және ішкі туризм болып ажыратылады. Шығу туризмі бір елдің азаматтарының оның шекарасынан тысқары шығуымен байланысты болса, ішкі туризм дегеніміз — туристердің бір елдің ішіндегі қозғалысы. Кіріс туризмі — шетелдіктердің мемлекет аумағына келуі.

Белгілі бір шарттарға байланысты, саяхаттың өзін де  бірнеше түрге бөлуге болады. Олар:

  • медициналық туризм
  • білім беру (экскурсиялық) туризмі
  • гастрономиялық туризм
  • спорттық туризм
  • экстремалды туризм
  • іскерлік туризм

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика