Нұр-Сұлтанға 50 мың дана бетперде жөнелтілді

Еліміздегі коронавирус індетінің таралуына байланысты қалыптасқан жағдайға орай, Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қаламыздағы бірқатар тігін фабрикалары мен цехтарында медициналық бетперделер тігіліп жатқаны белгілі. Аталған шағын кәсіпорындардың дайындаған өнімдерінен Респбликамыздағы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан қаласына гуманитарлық көмек ретінде 50 мың дана бетперденің бірінші партиясын жөнелтті.

 «Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында осы дертке қатысты күрделі жағдай қалыптасты. Осыған орай, шымкенттіктер қиын жағдайда қолдау көрсету мақсатында карантин жарияланған қала тұрғындарына бетперде тігіп, жәрдесіп жатыр» -дейді Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Д.Дүйсебаев.

С.Дүйсебайұлы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика