«Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясы өз мәресіне жетті

          «Қауіпсіз мектеп ортасы» Республикалық акциясында өтетін іс-шаралар- оқушылардың  құқықтық санасын қалыптастыру мен  қауіпсіз мектеп ортасын  құру, сонымен қатар, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.  10 тамыз -25 қыркүйек аралығын қамтыған акция өз мәресіне жетті.  Акцияның мақсаты- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік  шараларды  жетілдіру,  балалардың  кауіпсіздігіне  қоғамның назарын аудару маңызына ие. Бұл шараға мектеп тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.  Осы бағыт бойынша атқарылған істердің жай-жапсарына тоқталдық.

       Республикалық акция аясында Шымкент қаласы ғана емес, Арыс ауданының бірқатар мектептері атсалысып жатыр. «Арыс жалпы орта білім беретін мектебінде»  біршама жұмыстар атқарылды, мәселен, бастауыш сыныптар арасында «Жолда абай бол» тақырыбында   флешмоб   ұйымдастырылып, әңгіме сағаты өтті.  Жас ерекшеліктеріне қарай,  түсіндірме жұмыстары да жүргізілген.

       Мектептің жоспарына сәйкес,  төменгі сыныптар арасында «Қауіпсіздік шұғыласы»  атты  сурет байқауы  жоғары деңгейде өтті, қатысушы оқушылар саны да көп болған.  Бұл бүлдіршіндерге жол ережесін  түсіндірудің қызық әрі жеңіл түрі болды.  Сонымен қатар, «Жол қозғалыс инспекторы», «өрт сөндірушілер»  түсіндірме жұмыстарын  жүргізген көрінеді. Жол ережелерін сақтау, оны бұзбау, төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау сынды қауіптің алдын алу шарасы осы акция аясында және мектеп директоры Есилбекова Гулмира Абилакимовна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нарбекова Жұпар Жиренбаевна, директордың  оқу ісінің орынбасары Кадирова Ұлбосын Ниетханованың қолдауымен жүзеге асқан.  «Қауіпсіз мектеп ортасы » акциясы бойынша  оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып, алдын-алу шараларының жұмыстары әрмен қарай да жалғаса бермек.

    Қауіпсіз балалық шақтың кепілі ата-ана мен мектеп қабырғасы екені белгілі.  Сондықтан да «Арыс жалпы орта білім  беретін мектебі»  ата-аналар жиналысы мен әңгіме-тәрбие сағатын жиі өткізуді әдетке айналдырған.  Акцияның да мақсаты  осы. Ата-ана мен бала, мектеп арасындағы байланысты нығайтып, құқық бұзушылық, жастар арасындағы әлімжеттік әрекеттерінің алдын алу.  Акция шеңберінде өткен әрбір іс-шара, сынып сағаты, флешмоб, түсіндірме жұмыстары,  ата-аналар жиналысы оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға сүбелі үлесін қосқанына сенімдіміз.

                                                                       Ақбөпе ЕРГЕШ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика