Бүгінгі таңға, 2020 жылдың 10 айының қорытындысымен Шымкент қаласы бойынша жалпы 40752 адам кезекте тұр. Бұл кезек санаттарға бөлінген. Бірінші санат – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жататын топ болса, ол топта 1663 азамат кезекте тұр.
Екінші санат – көпбалалы отбасылар тобы, онда 6129 адам кезекте бар. Үшінші санат – халықтың әлеуметтік әлсіз тобы деп аталатын санат, онда 13576 кісі тізімге алынған. Төртінші санат – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметкерлер тобы кезегінде 19357 адам енген. Және де бесінші санат – жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтар тобында 27 адам бар.
Жалпы, біздің басқарма осы 6 топпен жұмыс жүргізіп келеді. Тұрғын үй кезегіне тұрғызып жатырмыз. Бұл санаттардан өзге тағы бір ерекше топ бар, ол – «Ұлы Отан соғысы» ардагерлері. Бұл топтағы азаматтарға баспана кезексіз беріледі. Біздің басқармаға өтініш беріп, кезекке тұрған кезде үй бар-жоғы тексеріледі, бар болмай шыққан жағдайда міндетті түрде тұрғын үймен қамтамасыз ететін боламыз. Мысалы, 2020 жылы 2 соғыс ардагері баспанамен қамтамасыз етілді.
Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ
Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы
Leave a Reply