Дүкенге дінсіз кіріп, мұсылман боп шықты

Ұлыбританиядан келген Филип Уэльс есімді турист Мысырдың Әл-Харж қаласындағы «әл-Басатейн» мешітінде тілін кәлимаға келтіріп, Ислам дінін қабылдады. Оның мұсылман болуына дүкендегі сатушы себеп болған.

tories/434_e3e8a56adc9fba441db1c8d95f14549f.jpg» border=»0″ width=»346″ height=»243″ align=»right» />

Әл-Харж көшелерін аралап жүрген ол туристерге арналған бір дүкенге кіріп, дүкен қожайыны Махир Әбді Жауадпен танысып, тіл табысып кетеді. Әңгіме дін төңірегінде өрбиді.

Филип Уэльс Құран тыңдағанды ұнататынын, Құран аяттарының әуезді үні жүрегіне жағатынын айтады. Соңында Алла Тағала британдық азаматтың жүрегін Илам дініне ашып қояды. Сол жерде мұсылман болуға өз-өзіне серт береді. Махир оған қалай құлшылық етіп, қалай дәрет алуды көрсету үшін оны жергілікті мешітке ертіп әкеледі. Сол жерде имамның үйретуімен кәлима-шаһадатты айтып, иман келтіреді.
Бай болмаса да бақуатты отбасынан шыққан Филиптің жасы 42-де. Алғаш рет алыс жолға шыққан ол алда өзін қандай өзгеріс күтіп тұрғанын аңғармаған еді. Мысыр топырағында Құран мақамына есі кете елтіген ол Ислам дінін тереңірек білуге асығады. Өзінің барлық дос-жаран, тамыр-танысын, құрбы-құрдас, ағайын-жекжатын Исламға тартатынын айтып, сөз берді.
 

muslim.kz

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика