Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов қаладағы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу мәселесін зерттеп, жылу өлшеуіш арнайы құралдарының жұмысын тексеруді жүктеді.
Құрамында жобалаушы-құрылысшы , аудан әкімдіктерінің мамандары , «ҚуатЖылуОрталық» мекемесінің жауапты мамандарынан құрылған топ көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу жүйесімен жіті танысады.
Талапқа сай келмейтін жағдайда акт түзіліп, тиісті сала басшыларына ұсынылатын болмақ.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave a Reply