tories/11454654.jpg» border=»0″ width=»423″ height=»283″ align=»right» /> Оңтүстік Қазақстан облысындағы шардаралық спортшылардың аудан, облыс аумағында өзгелерге қарағанда шоқтығы биiк екендiгiн былайғы жұрт жақсы бiледi…
Қол күресi, таэквон-до, күрес түрлерi бойынша шардаралықтар әлем, республика бiрiншiлiктерiнде топ жарып жүр. Алайда, спорт түрлерi iшiнде бокс спорты кенжелеу қалып жүретiн. Соңғы жылдары шардаралықтар спорттың бұл түрiн де оң жамбасына келтiрiп алды.
Желтоқсан айының алғашқы бес күндiгiнде Шымкент қаласында жасөспiрiмдер арасында облыстық 3 спартакиада болып өткен-дi. Дүбiрлi додаға Шардара ауданы да өз спортшыларын жіберген. Жалпы, бұл жарысқа ОҚО аумағындағы барша аудандар мен қалалардан барлығы 31 команда қатысты. Мiне, осы 31-дiң iшiнде шағалалы өңірдің балғын боксшылары командалық есеп бойынша II орынды жеңiп алды. Боксшылар арасында Е.Қожанов (46 келi) өз салмақ дәрежесiнде чемпион атанса, М.Мамыр (50 келi) мен Е.Бердiбайұлы (52 келi) екiншi орындарды еншiледi. Е.Ақаев (54 келi), М.Әбдiғани (63 келi), Н.Маликовтер (70 келi) үшiншi орындарды иелендi. Балғын боксшылардың мұндай iрi жеңiске жетулерiне Шардарадағы №2 АБЖСМ директоры Ү.Ибрагимов бастаған Н.Байысов, Е.Ахантаев сынды жаттықтырушылардың қосқан үлесi мол деп бiлемiз.
Өткен аптада Шардара ауданының әкiмi Қ.Айтөреев аттары аталған жеңiмпаздарды арнайы қабылдап, оларға сый-сияпаттар табыс еттi.
Бiз де мыңдаған оқырмандарымыздың атынан бiлектi де жүректi жiгiттерiмiзге әрдайым жеңiстер тiлеймiз!
«Қызмет-ақпарат»
{jcomments on}
Leave a Reply