«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

tories/12198.jpg» width=»180″ height=»271″ alt=»12198″ style=»float: right;» />

       ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына орай “Нұр Отан” партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбековтің пікірі:
       Елбасының биылғы жолдауында ғылым мен білімге өте үлкен мән берілді. Президент білім беру мен ғылым салаларын әлемдік стандарттарға жауап беретін дең­гейге жеткізіп, ғылыми жетістіктерге сүйенген экономика құруды жүктеді. 
       Еліміздің қарқынды дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын көтеруге септігі зор болатын бұл тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын «Нұр Отан» Партиясы қатаң бақылайтын болады. Бұл партияның және партия мүшелерiнің ауқымды міндеттері. 
       Елбасы стратегиялық мақсаттың барлық міндеттері әрбір қазақстандыққа жетуі керектігін, «Бұл «Нұр Отан» партиясының негізгі мәселеле-рінің бірі болатындығына сенімдімін» — деп атап өтті. Сондықтан облыстық партия филиалы әрбiр елдi мекен, әрбiр ауыл, әрбiр қазақстандыққа дейiн жететін ақпараттық-насихаттық жұ-мыс жүргізеді. Бұл азаматтық қоғам институттарымен диалогтi алаңшалар, жергілікті тұрғындармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желілерінде түсіндіру жұмыстары және басқа да ауқымды іс-шаралар өткізу. Бұл орайда біз ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы, ОҚО Азаматтық Альянсы, Облыстық Кәсіподық ұйымы, ҮЕҰ бірлесе жүргізуді жоспарлап отырмыз. 
       Жолдауда көрініс тапқан міндеттерді орындау — бұл рес­публикамыздың дамуына, Қазақстанның әлемдегі озық 30 елдің қатарына енуіне үл­кен септігін тигізіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға алып келуі сөзсіз. Осыған байланысты, «Нұр Отан» партия-сының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Елбасы Жолдауын толығымен қуаттап, оның орындалатынына сенім білдіреді. Бұл жұмыстарды өз деңгейінде орындауға облыстық партия ұйымы бар күш — жігерін салады. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика