Акция барысында «Сенім телефоны» жұмыс істеп, «Сенім жәшіктері орнатылды. Сенім телефонына ешқандай хабарлама түспеді, ал сенім жәшіктеріне түскен сабақ кестесі бойынша ұсыныстар оқу-әдістемелік орталығына жіберілді. Арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі өткен оқу жылдарымен салыс-тырғанда биыл емтиханның жүргізілу сапасына студенттердің көңілі толатынынын көрсетті. Биылғы жылдың тағы бір артық-шылығы емтихан технологиясымен тәжірибелік дағдыларды қабылдау жүргізілетін бөлмелерге бейнебақылау қондырғылары орнатылып,емтиханға міндетті түрде тәуелсіз бақылаушы қатысты. Ал, ОҚТЕ сатысында тәуелсіз емтихан қабылдаушылар болды.Тақырып аясында өткізілген дөңгелек столда сту-денттермен ашық әңгіме жүргізіліп, сессия өтілу барысы, білім сапасы туралы және де студенттерді толғандырып жүрген түрлі саладағы сұрақтары талқыланды. Студенттердің ұсыныстары бойынша тиісті бөлімше бастықтарына тапсырма берілді.
Емтихандарға тәуелсіз сарапшылар қатысты
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында 2013-2014 оқу жылының қысқы сессиясы барысында «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және жүргізу бойынша штаб құрылды. Штаб жұмысына Қазақстан студенттерінің Альянсының, баспасөз ақпарат құралдарының және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылды.
Leave a Reply