Үйден шықпай-ақ қызметтерді онлайн алуға болады

Ағымдағы жылдың 16-маусымынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13 тармақшасына сай «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» ғимаратында карантин жарияланды. Осыған байланысты, бүгінде мекеме тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер онлайн түрде атқарылады.

Азаматтар http://egov.kz/cms/ru порталы арқылы мына қызметтерге қол жеткізе алады.

1.Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

2. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру

3. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

4. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

5. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

6. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

7. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

8. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

9. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

10. Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

12. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

13. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазбаларын жою

14. Мүгедек баларды үйде оқытуға жұмсалған шығындыарды өтеу

15. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

16. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

17. Ақталған азаматтарға куәліктер беру

18. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

19. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу.

20. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету.

21. Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу.

22. Мүгедектерге кресло-арбалар беру.

23. Мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.

24. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.

25. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.

26. Жұмыссыз ретінде тіркеу

Карантин шектеулері инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырғанын ескертеміз. Сондықтан да, тұрғындардан карантин шектеулері мен санитарлық талаптарды қатаң сақталу керек.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика