Шымкенттегі Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын 67 қоқыс алаңшасында 224 қоқыс жәшіктері бар. «Аудан аумағындағы қоқыс жәшіктерін күніне 2 рет тазалау таңғы және кешкі уақытта «Экоспецтранс» ЖШС тарапынан атқарылуда» деп хабарлайды Қаратау ауданы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасы.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы барлық қоқыс алаңшалары мен қоқыс жәшіктерін жаңартып, көрікті етіп абаттандыруды тапсырған болатын. Аудан әкімдігінің ресми парақшасының жазуынша, Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан қоқыс шығарушы мекемелер «Экоспецтранс» ЖШС , «Шымкент спецкомплекс» ЖШС және қоқыс қалдықтарын қабылдайтын «Грин лайн» ЖШС мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп, қазіргі таңда аталған мекемелер тарапынан қоқыс алаңшалары мен ондағы жәшіктерді заманауи қала көркіне көрік беретін үлгіде жаңарту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатыр екен.
Leave a Reply