Шымкенттің кеші ерекше сұлу

Шымкенттің кеші ерекше сұлу. Жарықшамдар, таза көшелер және кешкі серуенге шыққан көңілді адамдар жүрекке жылы сезім ұялатады.

Мені таң қалдырған Әл-фараби алаңындағы «Орыс драма театрының» жанындағы желім қалтаға оралған гүлдер болды. Суыққа үсіп, сұлулығын жоғалтпасын, көрген адамның көзін көбірек қуантсын деп хризантеманы орап қойғанын қараңыздаршы.

#Әкімдік_қайда_қарап_отыр деген сөзді айта салудан оңайы жоқ. Қаладағы әрбір тасты, ағаштарды, гүлдерді орынды үйлестіріп отырған ЖКХ -лықтардың осындай еңбектері мақтауға тұрарлық-ақ!

Бибі Айша НҰРЖАНҚЫЗЫ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика