Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын айқындау бойынша қызмет жартылай қағаз жүзінде. Яғни, құжаттардың ХҚКО-нан біздің мекемеге келуіне байланысты.
Егер, өтініш беруші ХҚКО арқылы тапсырылған жағдайда ол мекеменің курьерлері құжатты басқармаға қолма-қол жеткізеді, бізде тіркеледі, бөлім тарапынан қаралған өтініштер нәтижесі қайтадан шығыс нөмірі тіркеліп, куреьер арқылы қайта қолма-қол жолданады. Сондай-ақ, осы 2019 жылы әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан halyk.saulet.kz дейтін сервер іске қосылған болатын. Ол интернет ресурста әрбір өтінім беруші өзінің электронды цифрлы қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады. Осы интернет көзі арқылы электронды түрде жыл басынан бері 4,5 мыңдай өтініштер қаралған.
Ал, сәулеттік эскиздік жобаларды келісу бойынша, elicense.kz деп аталатын электронды лицензиялау порталы арқылы жүзеге асыралады. Яғни, басқарама тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерін алу үшін біздің бөлімге келудің қажеті жоқ, барлық қызмет түрлерін электронды түрде ала берсе болады. Яғни, өтінім беруші мен қызметкерлер арасында тікелей қатынас болмайды. Барлық қызмет түрі ХҚКО, немесе elicense.kz порталына жүгіну арқылы атқарылады.
Ә.Ө.Үлесбеков
Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы
Leave a Reply