Бүгінде әрбір өңірде өз жұмысын бастаған Адалдық Алаңы кеңсесі әлеуметтік парақшаларда әр түрлі тікелей эфирлер өткізеді. Онлайн жұмыс істеудің салдарынан онлайн кездесулерде көрерменге керекті әрі деректі мәліметтерге толы. Тікелей эфирлердің бірінде Шымкент қаласындағы белгілі зоологиялық саябақтың директоры, қалалық маслихат депутаты Бұхарбай Нұрғазы Бақтыбайұлымен өрбіді.
Үшінші мегаполис атанған Шымқаланың төрінде бұл зообақ сонау 1983 жылы ашылған. Сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаровтың бастамасымен қолға алынған зообақ бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына жете таныс. Сөз алған зообақ басшысы зообақ тарихына, абаттандыру жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
— Ашылған кезде жан-жануарлардың 75 қана түрі болған. Әрине, бастапқыда тап-тақыр жерде зоологиялық саябақты ұйымдастыру оңай болған жоқ. Қазір, жан-жануарларымыз да жұмыскерлерімізде көбейді. Бүгінде 11 бөлімде 138 қызметкер жұмыс істейді. Жан-жануарлардың 277 түрінің 2,500-ге жуық басы бар. Оның ішінде 171 түрі Халықаралық Қызыл кітапқа, 23 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енген, — деді Н.Бақтыбайұлы.
Елімізде зообақтар тек 3 қалада бар, олар Алматы, Қарағанды және ең үлкені осы Шымкент қаласында. Аумағы 30 гектар жерді қамтитын зообақ жылдан-жылға дамып, өзгеріп келеді. 2023 жылдың соңына дейін қаланың страгиялық жоспарына да зообақты дамыту енгізілген.
Қазіргі таңда, ең бірінші мәселе зообақ халықаралық заманауи валерн жобасымен салынып жатыр. Бұрынғы 80-90 пайыз валерннің бәрі бұзылып, заманауи технологиямен қамту қажетті. Себебі, уақытысында жануарларды күтіп, баптауға қолайсыз болып табылады. Зообақтың құрылыс жұмыстары ең жоғарғы стандарттарға жоспарланған және соған сәйкес атқарылады. Жыл соңына дейін үлкен көлден өтетін көпірді ауыстырып, жағасына ел жүретін алаңшалар салынбақ.
Әзімбек ҚОЙЛЫБАЙ
Leave a Reply