Нанның сапасын қалай анықтауға болады?

 Жаз шығып күtories/icaf4zxnj.jpg» width=»233″ height=»167″ />н ысыған сайын, шымкенттіктерді алаңдататын бір жәйт бар. Ол кәдімгі күнделікті тұтынып жүрген нан өнімдерінің сапасыздығы. Сатып алған бөлке нан  тәулігіне жетпей қолыңа желімдей жабысып жатады. Халық тұтынатын негізгі өнімнің сапасына алаңдап тұрған қоғам жоқ. Атқарушы билікті тағамның қауіпсіздігі «даулы жағдай» туындағанда да ойландыруы мүмкін. Бұған көз жеткен. Сондықтан да  денсаулығын, қауіпсіздігін ойлаған әр тұтынушы сапаны анықтау ұстанымдарын өздері ізденіп , біліп алғаны жөн. Сонымен: Нан сатып аларда мынаған назар аударыңыз:

     Нан пісіру барысында орын алған кемшіліктер бірінші кезекте сыртқы көрінісінен байқалады, сыртқы қалпы бұзылады, бетінде жарықшақтар пайда болады. Егер мұндай кемістіктер байқалмаса нанды таңдауыңызға болады.

      Үйге келген соң нанды кесіп, бас бармақпен басып байқаңыз, егер саусағыңыз бір-екі см ендеп, алған соң орнына келсе, бұл өнімді тұтынуға болады. Байқап отырған шығарсыз, сапалы өнім деген сөз әлі айтылған жоқ, неге? Себебі, нанның сапасын анықтауда оның салмағының да өзіндік орны бар. Кейінгі бекітілген норматив бойынша әр бөлкенің салмағы 500 грамнан кем болмауы керек. Кем болса өнім сапа талаптарына жауап бере алмайды.

    Соңғы бекітілген ережелер бойынша өнім шығарушылар өзінің өніміне (нанға қатысты) екі жарым тәулікке дейін жауапты. Алған наныңызда жоғарыда айтылған кемістіктер байқалса, сатып алған жеріңізге қайтарып беруіңізге болады.  Ең дұрысы, мұндай келеңсіздіктерге ұрынбау үшін, нан сатып аларда сатушыдан өнімді кім шығарғанын және өнімнің сипаттамасын сұрап, танысып шығыңыз, бұл -сіздің ТҰТЫНУШЫНЫҢ құқығы.

 Бейсенкүл Нарымбетова.

Бетті дайындаған: Нұрлан Әлімбаев.

Сурет. thenews.kzайтынан алынды.

{jcomments on}



Related Posts

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика