Жалқаулық-бұл ауру ма?

Жалпы психология ғыalttories/imagescayvb2a0.jpg» />лымы жалқаулықты үш тұрғыдан қарастырады және әрқайссысының жақтаушысы мен даттаушысы бар:

1. Жалқаулық –бұл ағзаға артық күш қолданудан сақтандыратын туабітті қасиет.

 2. Жалқаулық- бұл ағзаның физикалық, эмоционалдық және саналық шаршауының іштей білінуі.

3.Жалқаулық- бұл адамның өзін тұлға ретінде мойындамауы

Егер ауру десек, жалқаулықты емдейтін дәрі бар ма?

Өкінішке орай адамзат мұндай дәріне әлі ойлап тапқан жоқ. Мұнан басқа жалқаулықпен күресуді ауруды емдегендей емдеу жүйке ауруына әкеледі. Неге? Себебі жалқаулықпен күрестің мұндай әәдісін дұрыс көргендердің 99% пайызы жеңіледі және өзінен көңілі қалады. Бұл адамның өзін бағалауын кемітеді. Мұның бәрінің алдын алу үшін не істеу керек? Тікелей күреске көшпей,айналма соқпаққа түскен жөн. Күреске таяқты емес, сәбізді қолданамыз. Біз нұсқау береміз, ал оны орындайтын СІЗСІЗ!

    Бітіп болмайтын дүйсенбі…

Бәрімізге белгілі көптеген адамдар бәрін, жаңа өмірін жаңа жылдан жаңа айдан, жаңа күннен, дүйсенбіден бастағысы келеді. Бірақ солардың бәрі сол өмірді бастай алмай-ақ қояды. Күніге ертең,
күніге дүйсенбі. Бұл-заңды.Өзін «құдайдың күні көп пе, менің ісім көп пе?» деп алдаусырататындар да бар. Егер сен бүгін істейтінді ертеңге қалдырдың екен болды, ол іс қанша күш салсаң да бітпейді. Сондықтан қазір және осы жерде, дегенді ұстану керек. Енді оқи отырып орындайық

  Майда қадамның –үлкен қайтарымы

Сен өміріңді өзің басқарасың болмаса өмірің сені басқарады!

  Өмір заңы

Көп жағдайда жалқаулық тізбектеліп келеді. Жоқшылық- интеллектуалды жалқаулықтың досы, жалғыздық- эмоционалды, ауру- физикалық жалқаулықтың айнымас серігі. Сен ең басты қадамды жасауға ерінбейсің. Сен бұған дайынсың, бірақ… әлі 50 қадам бар ғой. Бір істегенді мың істеп… Өмірі жолым болмайды, енді не істеймін. Теледидар, сыра, достар, кітап, интернет. Мың себеп. Ал, уақыт өтіп
жатыр. жыл, ай, әр күнің, сағатың, минутың секундтардан құралады. Жұмысқа түк зауқың жоқ. Құр сүлдеріңді сүйреп барасың. Тұрмыстың түрі анау, одан телесериал жақсы, футбол көру керек. Оян да ойлан ! Сен осы үшін, телесериал немесе басқаның ойынын тамашалау үшін өмір сүріп жүрсің бе? Егер жауап тапсаң, жалқаулықтан құтылғың келсе  өзіңе мына сұрақтарды қойып көр.  Жаныңда екі адам жүр, бірі жалқаулықты қашан жеңемін деген сұрақты өзіне-өзі қоя-қоя шаршаған адам, ал, екіншісі қашан көрсең де жымиып тірлігін түгендеп жүрген жан. Қайсысы жағымды әсенр қалдырады? Сен кімсің?  Өмір такси сияқты сен ілесесің бе, жоқ па сағаты сыртылдап соға береді, соға береді, сенің қай қиылыста қалып кеткеніңмен жұмысы жоқ.Енді не істейсің? Жалқаулықты жеңетін болып шештің бе, ендеше,іске көш!

   Көтеріңкі көңіл-күй

Бәрінің негізі осында жатыр. Жұмысыңыды сапалы орында және жігермен. Ал, егер бойыңнан жігер таба алмасаң бәрі бекер. Бұл қолыңнан келмесе басқа қырынан кел. Психологтар айта беретіндей бұл кәсіпті сүю сенің қолыңнан келмейді, бірақ жұмыс керек. Онда  жұмысты емес өзіңді жақсы көруге тырыс, сен өз ісіне адал адамсың, еңбегің сіңбегенді жемейсің, ендеше оны адал атқаруың керек. Сені бұл кеңседе ешкім алмастыра алмайды, құжаттарды сенен жетік білетін ешкім жоқ,мұндай ойлар адамның жұмысқа деген құлшынысын арттырады және сенің көңіл-күйің келіп тұрғандарға жағымды әсер етеді. Енді өзіңді бұрынғы тұлғаңмен салыстырып көр, айырмашылығын байқадың ба?

Тіпті болмағыр деген жұмыстың өзінен қызықты сәтті «қағып» алуға болады. Жағымды әсер алу үшін
әзілге айналдыр, сенің жүзіңе күлкі үйіріледі. Ал, күлкі тұрған жерде алынбайтын қамал жоқ! Бұл әдіске енді өз сыйақыңды қос. Басшылық еңбегіңді елеп айлығыңды көтермей-ақ қойсын, өзіңді-өзің марапатта! Сен бұл жұмысты айлық үшін ғана орындап жүрген жоқсың ғой. Үйреніп жүрсің, бұл сен үшін кезекті баспалдақ. Кез-келген жұмысқа осы тұрғыдан қара. Нәтиже болады. Әрине бірден емес, бірақ сенің тағдырыңа жағымды әсер етері
сөзсіз.

   Имидж туралы ұмыт па!

Сенің жұмысың қызық емес шығар, бірақ сен өзің КЕРЕМЕТСІҢ! Ол бос орын, ал сен Бос орын емессің. Саған қарап жұмысыңды бағаласын, осыған қол жеткіз.Көрген адам бұл шынында керемет екен деп таңқалатын болсын!

  Тырыс!

Жастар ешуақытта берілмеңдер, ешуңақытта берілмеңдер, ешуақытта берілмеңдер, ешуақытта, ешуақытта, ешуақытта.

Бұл Уинстон Черчиллдің Харроу мектебі түлектерінің алдында айтқан сөзі.Ол мұнан артық бір ауызда сөз айтқан жоқ. Бұл сөз тарихта қалды. Көп сөйлеудің керегі жоқ, тырысу керек, берілмеу керек!

  Күту

Бірден жұмысқа кірісіп кет пе. Тоқта. Сен не күтесің? Тағы да жұмыс… Егер осылай болса, алысқа ұзамайсың. Жалқаулық жеп бітеді. Басқа қырынан кел. Өзіңе керегін таңда! Менің адамдарға көмектескім келеді.

Өзімді көрсеткім келеді, сонда менің жұмысымды бағалайды. Мына жұмыста бір сағатта бітіре аламын ба, байқау керек. Бұлай ешкім істеген жоқ, мен бірінші боламын! Сізге осының бәрін енді іс жүзінде қолданып көру қалып тұр. Дүйсенбінің заңын естен шығармаңыз. Бітіп болмайтын дүйсенбі… Біз сізге «Қазір, осы жерде!» дейміз.

 

Бейсенкүл Жақсыбекқызы.

«Қызмет» ақпарат.

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

Бетті дайындаған: Н. ӘЛІМБАЕВ.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика