tories/imagescamq3hc6.jpg» />Қолда бар капиталды қалай жоғалтпау керек-деген сауалға жауап бере алады және солай етуге көмектеседі.
1. Ақшаны тек қана өзің білетін кәсіпке салу керек.
Ақша салған кез-келген кәсіп табыс әкеледі деген қиялға сеніп керегі жоқ. Сізді үгіттеп отырған адамның өз мақсаты болады және көп жағдайда ол сіздікімен қарама-қайшы келуі мүмкін.
2. Біреудің қысымымен ақша салудың керегі жоқ
Сізді айналдырды, алдады, қысым жасады. Сіз солай ойлайсыз, бірақ жаңылысасыз,
сіз солай етуге мүмкіндік бердіңіз, жағдай туғыздыңыз. Сізге қысым көрсетіп тұр, алғашқыда қарсыласасыз, осы жерден-ақ олардың өз мүддесін көздеп тұрғанын түсінуге болады емес пе? Әлемде көптеген алаяқтар осындай әдісті қолданады.
3. Ақшадан жоспар емес, меншік жасау керек
Кэссонның анықтамасында меншік ажыратылмайтын құндылық. Меншік бүгінде шынайы өмірде бар және ертеңде солай болады. Оны барлық уақытта ақшаға айналдыруға болады:сататсыз, кепілге қоюға болады, жалға бересіз. Ал,жоспардың аты жоспар. Егер оны жүзеге асырып, нәтижесін көрмесеңіз түкке де тұрмайды. Оның құндылыққа айналуы да, айналмауы да мүмкін. Жоспарға қаржыны өте бай адамдар ғана сала алады. Олардың тәуекелі аз, бұл жоспар орындалмай қалса, қалған табыс
көздері бар.
4. Ақшаны кейін сатуға болатынға салу керек
Ал, сатып алғаныңыз «өлі затқа» айналмау үшін мынаны ескергеніңіз жөн: уақыт өте келе сіздің сатып алған затыңызға қарым-қатынасыңыз өзгеріп, одан құтылғыңыз келеді; сатып алған бағаңыз сұранысқа қарай өзгереді,арзандап кетуі мүмкін. Егер сатып алғаныңыз қайталанбас, бірегей болса, оны сату күрделеніп кетеді. Қарапайым затты сату барлық уақытта оңай.
5. Табысыңызды алып отырыңыз
Бизнестегі ең басты мақсат- бұл табыс табу. Егер затты ертеңге қалдырмай бүгін сатуым керек еді деп өкінетін болсаңыз-табыстан қағылғаныңыз. Мәселен, акцияңыз сәті түскен күні сатылмай қалса, келесі күні ол қажет емес қағазға айналады. Сіз тағы да табыстан айрылып қалдыңыз.Батыл болыңыз, табысқа келгенде іркіліп қалудың керегі жоқ. Келіп тұрған әрбір мүмкіндікті жібермей пайлану керек.
6. Банкиріңіздің айтқанына құлақ салыңызҚаржылық іс-бұл өте шиеленісіп кеткен, бірде-бір адам соңына дейін шеше алмайтын жіпке ұқсайды. Бірақ бұл іспен өмір бойы айналысып келе жатқан мамандар бар, олар банкирлер. Қалай болғанда бұл кәсіп иелері бізге қарағанда қаржы қаһында көбірек біледі. Оларға сенуге болады.
7. Баға түскенде сатып алып, көтерілгенде сату керек
Біздіңше, бүгінгі таңда біз мұны әбден меңгеріп алдық.
8. Ақшаны барлық уақытта айналымда ұстаңыз
Қаржының ең басты ережесі: капиталды айналымға жіберіп қана табыс табуға болады. Қарызға кірмей капиталды ұлғайта түсу үшін оның айналымының жылдамдығын арттыру керек. Сатуды үйрену керек. Бұл өсім төлегеннен жақсы.
9. Іске қанша ақша құю керек, сол көлемде ғана қарыз алыңыз
Несие алу үшін бизнесменде батылдық болу керек. Әрине, тәуекелге баруға тура
келеді. Бірақ тәуекелсізқолда барды ғана ұстап қалуға болады, көбейту мүмкін емес. Жай ғана ақша табыс әкелмейді. Ақша табу мидың жұмысы. Капиталды қалай пайдалану керек және қандай капитал керек? Ойланбаса болмайды.
10. Қарызды бизнесті дамыту үшін алыңыз, мақтаныш үшін емес
Көптеген фирмалар осы екеуін ажырата алмағандықтан күйрейді. Бизнесті дамыту үшін тарату нүктесі көбеюі керек, ал, мақтаншақтық – қымбат көлік, қымбат үй… Іші күйген тұз жаласын…
11. Ешуақытта қарыз бермеңіз
Бұл табыс та, алғыс та алып келмейді. Қайта, табыс табу мүмкіндігінен айрылып
қаласыз.
12. Ақшаны сала-салаға салыңыз және бағаның өзгерісін бақылап отырыңыз
Бұл ережелер бәріміз үшін керек. Барлық сала өзінің дамуында көтеріледі және төменге құлдырайды. Егер дамымай жатқан саланың ең үздік мекемесінің акциясын сатыыып алсаңыз, ол болашақта міндетті түрде көтеріліп, жақсы пайда әкеледі.. Әрине, бизнес туралы қанша оқысаңызда ол іске көшпейінше бос сөз.Ендеше, іске кірісіңіз!
«Қызмет» ақпарат,
Сурет: nashol.com сайтынан алынды,
Бетті дайындаған: Н. ӘЛІМБАЕВ.
{jcomments on}
Leave a Reply