Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін тағдыр шешті мәселе болып табылады.
Сол себепті де ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту керек. Осы орайда өзін елінің патриотымын деп санайтын әрбір азамат өзіне «сыбайлас жемқорлық» туралы көп айтылатынын ескере отырып, осыған менің қатысым жоқ па?- деген сауалды қойып жауабын іздесе, қателігін тауып, оны жойса біраз мәселе өзгерер еді. Осы орайда адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін күрделі және қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені оған елдің болашағы ғана емес, әрқайсымыздың тағдырымыз да байланысты.
Елде өткізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді және жүйелі шаралар, оның ішінде Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияларын болашақта ратификациялау, олардың халықаралық тиімділігі бойынша өте маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл үшін, ең бастысы аталған келеңсіз көріністің экономикалық негіздерін жою және шаруашылық қызметте қолма-қол ақша айналымының көлемін төмендету іс-шараларын жүзеге асыру, экономикалық қылмыстарға қарсы күрес және заңсыз қаржы ағымдарының жолын кесу іс-шараларын жүзеге асыру қажет. Бұл мақсаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өкілетті орган қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасауды ұсынады. Аталған шараларды іске асыру қаржылық операциялардың айқындығын қамтамасыз етуге және соның нәтижесінде көлеңкелі экономиканы қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру – тиімді мемлекеттік саясаттың және түптеп келгенде сыбайлас жемқорлыққа ұтымды қарсы күрестің кепілі болар еді. Бұл жерде қоғамның белсенділігінің маңызы зор.
Е. Бектаев
ҚР АШМ ВБжҚК Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы
Leave a Reply