ТЕЛЕФОНСЫЗ, ИНТЕРНЕТСІЗ МАХАББАТ ҚҰДІРЕТТІ ЕКЕН…

tom: 12pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>Телефонсыз, интернетсіз махаббат құдіретті екен…

tom: 12pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>tories/_MG_7845.jpg» width=»448″ height=»247″ alt=»_MG_7845″ style=»float: left;» />

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Қыркүйектің 28-і жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туылған күні. Осы күні Шымкентте облыстық орыс драма театрында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 жыл бойы дәстүрлі түрде өтетін «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVIII республикалық байқауы» болып өтті. Байқаудың шарты әдеттегідей. Прозалық және поэзиялық шығармалардан үзінді оқу.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналар деп күттік. Солай болуы заңды көрінді. Аудан, қала, облыстан жеңімпаз атанғандар қаражаяу болушы ма еді… 16 үміткер шықты жарыс алаңына.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Бірінші нөмермен шыққан Мұзарап Динара Оралхан Бөкейдің «Мен сізден қорқамын» атты шығармасынан үзінді оқыды. Көк теңізге балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған ата-атасын аңсап, өлді деуге қимай қиналған арудың монологы әсерлі шықты. Қыз теңіздің күндізгі айбат шеккен толқынын әкесінің қатқыл мінезіне теңесе, түндегі тыныштықта тырп етпей жатқан теңіздің мінезін анасының жұмсақ мінезімен теңестіреді. Осылай көк теңіздің әр қимылын бағып сыр ақтарған ару ата-анасының қайда екенін көк теңізден сұрайды. Сағыныш. Қимастық. Шығармада бәрі бар.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Келесі өнерпаз Айдана Хайдарқызы Оралхан Бөкейдің «Жылымық» атты шығармасына үзінді оқиды. Әсерлі емес өте әсерлі шықты. Сахнада нәзік қыз, нәзік үн, өзіне аяныш білдірген ағасынан аямауын өтініп тұрған сенімді қыз. Жанары емес жүрек көзі жарқыраған қыз «Мен адаммын аға…» деп үн қатқанда монологқа ұйыған жұрт тына қалған. Өнердің, сөздің кереметі құдіретімен келісесің үнсіз ғана.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Тағы бір тамаша әсерге бөлеген сайыскер Абылай Жомартұлы болды. Ол «Қазақ тілінің мұңы» атты шығармадан үзінді оқығанда, сахнада «тілім» деп тілім-тілім болған кейіпкерді көресің. Жаны сөйлеп тұрғандықтан болар қазаққа қадап айтқан әр сөзі нанымды, әсерлі. Тыңдап отырып, қазақ тілінің қадірлі екендігін ұғына түсінесің. Шығарма мазмұны мен киімі үйлесіп-ақ тұр. Түр-әлпетінің образға кіргендігі бір бөлек әңгіме. Ол «Бүгін туралы өтірік айтсаңда, өткен туралы өтірік айтуға болмайды» .Осы сөзбен қойылым қорытындыланды. Көрермен ықыласы, ду шапалаққа ұласты.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Қарағандының аруы Нұртай Айсұлу мен алматылық Қадыржан Сабырахым екеуі бір шығарманы оқыды. Автордың «Атау кересінен» үзінді. «Біз қатыгезденіп барамыз адамдар…». Көз алдымыздан көзіміз көрген қоғамдағы қатыгездің кинолентадай сырғып өте бастады. Не үшін өмір сүріп жүрміз? Не үшін? Екеуі де үздік шықты. Ол көрерменнің , қазылардың қошеметтерінен-ақ көрініп тұрды.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Осы ретте біз тағы бір үміткерді ерекше атағымыз келіп отыр. Ол Жамбыл облысынан келген 17 жасар жігіт Әшімжанов Жәнібек. Байқаудың шарты бойынша үміткердің жасы 18-ден асуы керек болатын. Жәнібектің өнері бұл ережеге сыймады. Ол Оралхан Бөкейдің «Аспирант қыздың тракторшы жігіті» атты шығармасынан үзінді оқыды. Арада алмасқан хаттар. Сезім, сағыныш, бақыт. Қарап отырып хат күтудің өзі де бақыт екен ғой деп қоясың өзіңе-өзің. Көрерменнің жүрегі монолог оқылған сайын елжіреп барады. Қайран ғашықтық кімді құмартпайсың сен?! Телефонсыз. Интернетсіз махаббат… Қызықты секілді. Шыдам тағы да шыдам. Құдіретті махаббат шыдаммен шыңдалып, сағыныш, аңсаудан нәрін алған сияқты. Қадірлі тым қадірлі, сыйластық ше? Соңғы хат оқылды. «Қалқаш… Қалқам».Үздіккен үн. Үзінді бітті. Жүрек тебіренді, тәтті бір мұң қалды кеудеді, боталаған көздерді көрдік. Көрерменнің ықыласы шексіз болды. Жәнібектің өзі де көзіне жас алып сахнада шыға жөнелді.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Поэзия атты құдірет сахнада салтанат құрар сәт те келді. Арыдан Мұқағали, Фариза, Күләш Ахметова, Мұхтар Шаханов беріден Ақберен, Дәулеткерейдің өлеңдері оқылды. Сайыстың аты сайыс. Үміткерлердің бірі оза шапты, ал бірі тізгінін тарта шапты.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Осылай Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVIII кезекті республикалық байқауы өз мәресіне де жетті.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Байқаудың 3-орыны Солтүстік Қазақстан облысынан келген Ақмарал Көкенайқызына, 2-орын қарағандылық Нұртай Айсұлуға, ал байқаудың бірінші орыны Айдана Хайдарқызына бұйырды. Ал байқаудың бас жүлдесі өнер ордасына айналған Алматы қаласының намысын арқалаған Қадыржан Сабырахымның қанжығасына байланды. Байқауға танымал жазушы Мархабат Байғұт, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы Кенжехан Матыжанов, Оразкүл Асанғазықызы, Ұлықбек Есдаулеттер қазылық етті.

tom: 12pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>Жарылқасын Шынарбекұлы

tom: 12pt; text-align: center; text-indent: 1cm;»>

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика