tories/30112019-44.jpg» border=»0″ />
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің тәртіп бөлімінің жұмысы өте күрделі. Әр қызметкер мекемедегі жағымсыз жағдайлардың алдын алуға жедел шешім, қабылдап, сауатты жобалап, көңіл-күй жағдайы мен тыныс-тіршілікті бағалауы керек. Мұнда ұжымның қалыпты жұмысына жазасын өтеушілер мен қызметкерлер арасындағы қалыптасқан қарым-қатынасына мекемедегі еңбек қорлық орта қалыптасқан. Бұл жерде басшылықтың жұмысты бір ізге салып жүйеге келтіріп отырғанын айта кету керек. Мұнда тәртіп ортақ, талап-бірдей. Мұнда әрбір жазасын өтеушімен жұмыс оның мекемеге келіп түскен сәтінен басталады.
«Тәрбиелі- тәртіптің құны» — деп, Бауыржан бабамыз айтып кеткендей темірдей тәртіп пен тәлім- тәрбие. Жазасын өтеушілерді өз қателігін мойындай отырып, қоғамның қалыпты белді бір мүшесі болуына бағыттау үшін қажет дүние. Бас бостандығынан айыру орындарында міндетті түрде мекеме бастығы бекіткен күн тәртібі қалыптасқан. Осы күн тәртібіне қарай мекемеде сотталғандардың барлығы бірдей осы белгіленген режимді орындай бермейді, сол себепті тәртіп бөлімі жан-жақты және күрделі жұмыстар атқарады.
Тәртіп бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды ұстау режимін қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу, қашуды болдырмау, тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өту арналарының жолдарын кесуге бағытталған.
Жазасын өтеп жатқан азаматтарды бостандыққа дайындаудың маңызы ішкі тәртіпті бұзбауы, тұрғын жайларын таза ұстап жеке гигиенаны сақтауын қадағалау. Киім киісі жүріс-тұрыстың еркіндігіне қарасақ, қатып қалған саптық жүріс, арнайы киім үлгісі болмағанымен, мекемедегі тұрмыстық режимдегі атмосфера мен талаптың сақталуы қатаң қадағаланып отырады.
Осылайша жүйелі жұмыс жазасын өтеуші азаматтарды болашаққа жоспар құрып, өздерінің тәртіптерін қадағалауға және сот үкімімен тағайындалған жазадан бұрын босап шығуға ынталандырады.
Т.Айхинбаев
ИЧ-167/10 мекемесінің режим бөлімшесінің жедел уәкілі әділет лейтенанты
Leave a Reply