tories/30112019-5.jpg» border=»0″ />
Мектеп оқушылары арасында түсініспеушілік салдарынан туындайтын құқықбұзушылықтар мен бұзақылық жайттарының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетовтің бастамасымен Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушыларымен жеке кездесу ұйымдастыруды жөн санап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қаланың бас полицейі оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, оларға күрделі жағдайлардан жанжалсыз шығу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені және есірткі заттарын таратқаны үшін, ұрлық, тонау, қорқытып алу, дене жарақаттарын келтіргені үшін жауаптылығы туралы айтылды. Мектеп оқушыларына бұл құқықбұзушылықтар мен қылмысқа берілетін жауапкершілік түрлері және қандай жаза берілетіндігі түсіндірілді.
Кездесу соңында мектеп басшылығы полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп, «Өзіңнен баста» атты үндеу тасталып, бірауыздан қолдау тапты.
Шымкент қ. Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Leave a Reply