Ресейден жеткен сүйінші хабар

tories/03122019-2.jpg» border=»0″ />

Ресейдің Ярославль қаласында өткен «Кино Клик» жастар мен отбасылық фильмдердің ХІІІ халықаралық ашық фестивалінде шымкенттік өрендер жүлделі 1-ші орын иеленді. 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер фестиваліне қатысып, жеңімпаз болған «Ұялшақ Вася» деп аталатын туындының авторы Ә.Түгелбай деген оқушы қыз.

Бұл туралы оқушының жетекшісі, әрі Шымкент қалалық оқушылар сарайы жанындағы «Алақай» балалар мультипликациялық студиясының жетекшісі М.Жаримбетов фейсбуктегі парақшасында жазып, сүйінші сұрады. «Алақай» балалар мультипликациялық студиясы Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдерге анемациялық өнімдер өндіруге бейімдеп, көркемдік қабілеттерін артыруда елеулі үлес қосып жүрген ұжым ретінде танылып келеді.

«Қызмет-Ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика