tories/03122019-4.jpg» border=»0″ />
Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Мақсат Айтжанұлының жанды дауыста «Керемет шақ» атты кәсіби сахнадағы 20 жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Кешті қайрымды қала әкімінің орынбасары Е.Садыр жылы лебізімен ашып, Мақсат Айтжанұлына өнерде табыс тіледі.
Жанды дауыстағы әуезді әуендер көрерменнің көңілінен шығып, құлақ құрышын қандырды.
М.Айтжанұлының өнердегі ағасы, «Шаншар» әзіл-ысқақ театырының директоры У.Әбдірайымов сөз сөйлеп, әншінің өнеріне, жеткен жетістігіне тоқталып, ыстық естеліктермен бөлісті. Алдағы уақытта шығармашылығының шындалуына тілекші болды.
Көрерменге толы зал, әуелеген ән, ыстық қошемет кештің шырайын келтірді.
Кеш соңында Мақсат Айтжанұлын арнайы «Шымкент қалалық мәдениет үйі»концерттік ұйымы» МКҚК-ны директордың м.у.а Ғ.Аманқұлов алғыс хатпен марапаттап, құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Leave a Reply