Қазақша тіл

Қазақша тіл

            Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қазақ тілі қаншалықты маңызды деп ойлайсыз. Меніңше орыс тілі маңыздылау  болып бара жатқан сияқты. Қалай дейсіз ғой, таңғалатын түгі жоқ. Сіз көп жұмыс орындарына барып, жұмысқа тұруға өтініш білдіріңізші, сізден бірінші кезекте « орыс тілін еркін меңгергенсізбе » деп сұрайды. Қазақ тілі ше, ойландыратын сұрақ. «Қазақ тілін еркін меңгергенсіз бе? » деп сұрайтындары сирек. Салыстырыңызшы қайсысы маңыздырақ болып тұр? Президент « Қ. Р. Үш тілді еркін меңгеретін мемлекетке айналуы тиіс, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдері » — деді. Әрине, бұл жақсы, дауымызда жоқ. Енді қараңызшы, Жапония мемлекетінде мектеп оқушыларын 7 сыныпқа дейін тек жапон тілінде оқытады, одан кейін 100 тіл меңгер еркіңде. Жапония  мықты мемлекет, дамып кеткен ойлап таппайтындары жоқ. Түпкі себебі, ділін, дінін, тілін мықтап ұстағандықтан шығар. Бізге осындай қазақ тілін бірінші кезекке қоятын проблемаларды көтеру қажет емес пе? Тіл мерекесі деп оны да бірдеңе ғып өткіздік. Қазақ курстары ашылды, өзгерістер көрініп жатыр ма? Бір мекемелерге барсаң « Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін » деп жазып койыпты. Солай болу керек еді. Енді жоғарыға көз салайықшы, мемлекеттік Президент өткізген жиналыстардың өзін ғана алайық, қазақша көп сөйленбейді. 70 пайыз орысша өтеді. Депутаттарға қазақшалап сұрақ берілсе,жауабын орысша береді.Олар қазақша сөйлей алмай ма, жоқ әлде намыстана ма? Тіпті примьер – министр  Серік Ахметовтің өзі « көңіл » деген сөзді « көніл » деп ң  әрпінен мүлт кетіп жатыр. « Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін » деймізде бәрін басқаша жасаймыз. Биліктегілер үлгі болу кайда, өздерін түзете алмай жүр. « балық басынан шіриді » деген осы да. « Біреуді сынағанша, өзіңді түзет » деп те жатырмыз. Бірақ, сын айтылмай, міннің жойылуы мүмкін емес қой.

             Қазақтан бөліп ала алмайтын сөз өнерінің қадірі, асылы болған  айтысты да шектеп тастадық. Орақ тілді ақындардың тіліне құм құйдық. Бұдан кейін тіліміз қайдан дамысын.

                                                                        Үсентаев Жарылқасын «Қызмет» газеті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика