Адамды қағып өлтірген соң татуласу саудаға айналды, БАҒАСЫ – АДАМ ӨМІРІ

       25 қаңтарда Алматы жаяу жүргіншілер жолында 6 адамды қағып кеткен жоғары лауазымды шенеуніктің баласы Мақсат Үсеновқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Оған негіз болғаны — тараптардың татуласуы. Заңға сай бір адам өліп, бірнеше адам жарақат алған жол көлік оқиғасы үшін айыптыға жалпы сомасы Т500 мың болатын екі айыппұл төлеу жазасы қолданылады.
       Қазақстанның бір түкпірінде адам өліміне соқтырған жол көлік оқиғасы орын алғанда айыпты шенеунік не оның туысы болса, бұл іс татуласумен аяқталатынына ешкім де күмәнданбайды. Адамның иеленіп отырған жоғары лауазымы абайсызда болса да адам өлтіруге «рұқсат» беріп отыратындай. Ал ЖКО-дан соң татуласу тәжірибесі көп жағдайда саудаға ұқсайды. Оның бағасы — адам өмірі. 
       Мен бұл жерде саудаласудың реті жоқ деп есептеймін! 
tories/images_2.jpg» width=»250″ height=»139″ alt=»images_2″ style=»float: right;» />
       2013 жыл басында «Экспо – 2017» ұлттық компаниясы-ның құрылыс департаментінің бастығының ұлы Қадыр-мұрат Үсенов Мақсаттан жүргізуші құқығынан айырды – ол рөлде мас болғаны үшін. Содан бері бір жыл өтпестен 1 желтоқсанда М. Үсеновтың автомобилі (айтпақшы, оған жүргізуші құқығы сол күйінде қайтарылмаған болатын) «Целинный» кинотеатрының жанындағы қоршауды бұзып, жаяу жолдағы алты адамды қағып кетті.
       Төрт қыз бен бір жігіт әр түрлі жарақат алды, тағы бір жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Ол бар болғаны 23-те еді…
        Апатқа кінәлі оқиға орнынан жасырынып кетті. Кейін оны тауып алып, тіпті қамап та қойды. Кенет автомобилінің бұзық екені, рөлінің басқарылмай қалғаны анықталды. Ал қалайша М. Үсенов жүргізу құқығынсыз, бұзық автомобильмен көшеге шығып кеткені жауапсыз қалды. Есесіне М. Үсеновты қамаудан босатты, кейін қылмыстық іс тоқтатылды – зардап шеккендер оны кешірді…
tories/56320.jpg» width=»200″ height=»151″ alt=»56320″ style=»float: left;» />
       Ең сорақысы – М. Үсенов сияқтылар көп.
       2013 жылы ақпанның 15-нен 16-на қараған түні Қарағанды облыстық ТКШ басқармасының бастығы Ерлан Утешев  те BMW рөліне мас күйінде отырады. Ол қарсы жолға шығып кетіп, екі автокөлікпен соғысады. Екі автокөлік  жүргізушісі де зардап шегеді. Бір көліктегі 53 жасар жолаушы әйел қаза болды.
       Сол кезде де Е. Утешев зардап шеккендермен татуласты. Қылмыстық істі тоқтатты. Шенеунікті жұмыстан қуды,  «Нұр Отан» партиясынан шығарып тастады. Ал оның жүргізуші құқығына тиіскен жоқ. Сол кезде Қарағанды  прокуратурасы-нан түсіндіргендей, оны қылмыстық кодекс бойынша жауап-кершілікке тартқан соң, әкімшілік кодекс  бойынша жауап-кершілікке тартуға болмайды. Ал М. Үсеновты әкімшілік кодекспен айыппұл салды емес пе? Әлде, оны  қылмыстық кодекспен ешкім де жауапкершілікке тартпады ма екен?
       2013 жылы 19 желтоқсанда бір жыл бұрын 7 жылға сотталған, бұрын Алматы әкімшілігінде күрделі құрылыс басқармасының бастығы болған, қазір «Транскөпір-құрылыс» АҚ президенті Ғабиден Қайымсұлтановтың ұлы Әлібек еркіндікке шықты. 2009 жылы Ә. Қайымсұлтанов өзінің Porche Cayenne автокөлігімен ішінде 4 адамы бар Toyota Camry автокөлігін соғып кеткен. Екі қыз оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші ауруханада қайтыс болып, төртінші жолаушының бас сүйегі сынды.
       Ә. Қайымсұлтанов шетелде жасырынды. Бірақ біраз уақыт өткен соң полицияға өз еркімен келді. Оның қанында ал-коголь барлығына сараптама жасауға кеш еді. Оны тараптардың татуласуы себепті бірден босатып жіберуге де болар еді. Дегенмен оны 7 жылға соттады. Кейін тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне жазасын 3 жылға дейін қысқартып, жақында шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.tories/34b6bde2a3498b1e80d85e03bcb.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»34b6bde2a3498b1e80d85e03bcb» style=»float: right;» />

2009 жылы 26 наурызда Алматының Бостандық ауданында танымал бизнесмен Ерсайын Манаевтың 17 жасар ұлы – Сағынтай Манаев, жүргізуші куәлігінсіз, әкесін тасымалдайтын елордалық «Сұңқар» ЖШС СӨБ-ке тиесілі Mersedes-Benz Daimler Chrysler (мемномері Z 001 AP) көлігімен Розыбакиев көшесімен Утепов көшесінің жоғарғы жағында 32 жасар Николай Амосовты қағып өлтірді.
Сот үкімімен 2009 жылы 20 тамызда С. Манаев ЖКО-да ҚР ҚК 296 бабында қарастылыған қылмыс бойынша (жол жүру ережесін бұзу және көлік айдау нәтижесінде абайсызда адам өліміне соқтырған оқиғада) айыпты деп танылды. Бұл ретте ол ҚР ҚК 67 бабы бойынша, тараптардың татуласуы себепті қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
       Сот үкімі 2009 жылы 7 қыркүйекте күшіне енді. Аталған қылмыстық іс бойынша сот процесіне қатысушылардан ешқандай қарсылық түскен жоқ….
       Ондай оқиғалар ондап саналады.
       Рақымшылық көрсету болмайды, дарға асу 
       Осындай жоғарғы лауазым шенеуніктерінің, не олардың балаларының автокөліктерінің доңғалағының астында адам өліп жатқан оқиғалар қоғамда үлкен дау тудырады. Бірақ, М. Үсеновты босату соңғы тамшы болғандай. Оны босататындығы және қылмыстық істі тоқтататындығы туралы хабар белгілі болысымен «әлемдегі аса ірі әлемді өзгерту үшін онлайн компания қауымдастығының» avaaz.org сайтында Мақсат Үсеновтың ісін қайта қарауды талап еткен петицияға қол жинау басталды. Ол петиция ҚР Жоғарғы сот судьясы Қайрат Мамиге тапсырылады. 27 қаңтардағы түні оған қол қойғандар саны 9 602 адам болыпты.
       Ал осы істің немен аяқталғанына наразы көпшілік өз сезімдерін әлеуметтік желілерде төгіп жатыр. Осы оқиғаға қатысты балағаттамай пікір білдіргендері аз болыпты. Солардың ішінде ең сыпайылары келесідей:
       Қазақстан шағымы: «Мақсат Үсенов, адам өлтіруші бостандықта!!! Азаматтар ояныңдар!!!».
Aliya Demeisenova: «Адам өлтіргенді ақтап алатын сот әділеттігі ӘДІЛетті сот бола ала ма? Қоғам да, қағаз сияқты, бәріне төзеді»
Данияр Бейсембеков: «Егер біреулер Үсеновтың ісіне қатысты көшеге шығып акция өткізетін болса, мен соны қолдауға дайынмын. Жемқорлық жетер осымен!!!».
       Saniya Serikava: «Бұл оқиға мені өте қатты алаңдатты. Және ашуландырды. Қалайша адамды өлтіріп, ешқандай жаза көрмеуге болады?».
tories/Bez-imeni-3_6d753164.jpg» width=»300″ height=»209″ alt=»Bez-imeni-3_6d753164″ style=»float: right;» />
Усенов хэштегін алсаңыз болғаны, қалғанын оқи аласыз.
       Ол аз десеңіз М. Үсеновке қатысты жағдай тек интернетте ғана емес, парламентте де талқыланды. БАҚ беттерінде жазылғандай, мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменов ЖКО айыптысын жай жазалап қана қоймай, оны ЖКО-ны көп жасаушы ретінде қатаң жазалау керек деп мәлім етті.
Қазақстан халықтық коммунистік партияның атынан депутат Жамбыл Ахметбеков пен «Ақ Жол» партиясының фракция көшбасшысы Азат Перуашев М. Үсеновке қатысты оқиғалардың себебі жүгенсіздік пен жазасыздықтан деген ортақ пікірге тоқтады.
Ал депутат Меруерт Қазбекова осы оқиғаға осындай бұзық бала тәрбиелеген ата-аналары жауап беруі тиіс деді.
        Фемида шынымен де соқыр  
       Айтуға ыңғайсыз болғанмен, алайда М.Үсеновқа қарсы қылмыстық істің тоқтатылғаны заңды. Бұл қалай болуы мүмкін, ол туралы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының төрағасы Евгений Жовтис түсіндірді.
        «Сіз білесіз, мен үшін бұл тақырып өте ауыр, себебі бұл жағдай менің өзімнің басымнан кешкенімді еске салады. Алайда мен бұл жерде эмоцияға беріліп отырған жоқпын, заңды түрде түсіндірейін. Және заң тұрғысынан алып қарағанда, бұл дұрыс. Бұл жерде ешқандай заң бұзылып отырған жоқ. Оны қылмыстық кодекс қарастырған. Атап айтсам, зардап шегушімен ымыраға келген адамды қудалауды қою соттың да, тергеушінің де, прокурордың да құқығы емес — ол соттың да, тергеушінің де, прокурордың да міндеттері», — деді Е.Жовтис ҚазТАГ агенттігіне.
       Сонымен қатар, ол ЖКО кезінде қайтыс болғандар екі немесе одан да көп болса, тараптардың ымыраға келуіне қарамастан, қылмыстық істі тоқтату немесе тоқтатпау туралы шешімді сот қарайтындығын да айта кетті.
       «Қайтыс болғандар саны екі немесе одан да көп болса — ол сот қарауына беріледі. Ал егер қайтыс болғандар саны біреу және жарақат алғандар болса, онда, әлбетте (қылмыстық істі тоқтату-ҚазТАГ), егер ол қайтыс болған тұлғаның және басқа да жарақат алғандардың туыстарымен татуласқан болса. Егер екі жақ татуласса, біздің оған эмоция тұрғысынан қалай қарайтынымызға қарамастан, заң мемлекеттік органдарды қылмыстық қудалауды тоқтатуға міндеттейді», — деп түсіндірді Е.Жовтис.
      Құқық қорғаушы адам өліміне әкеп соққан ЖКО-ның абайсызда жасалған қылмыс түріне жататынын еске салды.
«Адамды жүргізуші куәлігінен айыру керек, оған еш күмәнім жоқ, себебі ол жол қозғалысы ережесін өте өрескел бұзған. Алайда жол-көлік қозғалысы ережесін бұз  у әдейі жасалған қылмысқа жатпайтынын түсіну керек. Және ол адам өзінің жауапсыздығы, ұқыпсыздығы, салақтығы салдарынан трагедиялық жағдай орын алатынын білген жоқ», — деді Е.Жовтис.
       Бақытымызға орай, қылмыстық істі тоқтату азаматтық шағым бойынша жауапкершіліктен босатпайды.
«Ол (ЖКО кінәлі – ҚазТАГ) зардап шегушілердің барлығына материалды және моральдық шығынын өтеу керек. Қылмыстық қудалау жағынан қарайтын болсақ, бұл қылмыс абайсыздан жасалған қылмыс түріне жатқызылады және тараптар татуласқан жағдайда бұл адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ешқандай мәні жоқ. Бұл адам одан әрі қарай азаматтық жауапкершілік аясында зардап шегушілерге моральдық шығын өтейді. Ал қылмыстық іс осымен тоқтайды», — деп түсіндірді Е.Жовтис.
       Тараптардың татуласуынан қылмыстық іс жиі тоқтатылып жатыр. ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика комитетінің ақпарынша, мұндай жағдайлар саны 2012 жылы барлық атқарылған қылмыстық істің 47,2%-ын құраған. Яғни кінәлілер мен олардан зардап шегушілер 17 мың жағдайда татуласқан. 2008 жылы қаралған істің тек 31,9%-ы татуласумен аяқталса, одан бері бұл сан өсіп келеді. Онда да бұл тек сотқа жеткендері ғана.
Түсініксізі мынау: Конституция бойынша заң мен сот алдында бәрі бірдей, ал бірақ шын мәнінде ақшасы барлар айыппұлмен және азаматтық шағыммен ғана құтыла алады, тіпті рөлге мас күйінде отырған болса да. Ал өзіне кешірімді сатып ала алмайтындар заң бойынша жауап беріп, бас бостандығынан айырылады. Ең сорақысы ақша бере алмағандар, біреудің өлімі үшін өздерін кінәлі санап жүрсе, татуласқандары көп ұзамай-ақ тағы біреудің өміріне қауіп төндіріп, рөлге отырады.
       Соғыстағыдай… 
       Жол-көлік оқиғалары және олардан зардап шеккендер туралы есептің мәліметтер банкіндегі ақпараттарға сәйкес 2013 жылдың 12 айында Қазақстанда 23 359 ЖКО тіркелген. 2012 жылы олардың саны 64,9% -ға аз болатын – барлығы 14 168. ЖКО 10 381 жағдайында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 2012 жылы мұндай жағдайлар саны 6 287. 8 158 жағдайда темір тұлпарлар бір-бірімен соқтығысқан, 485 ретте көлік жүргізушілері велосипедшілерді қағып кетсе, 13 ретте – жегілген көлікке және 91 – де жануарларға соққан.
       Себептері белгілі. Оны құқықтық статистика комитеті де өз баспасөз парақшасында мәлімдеді: «Орын алған ЖКО-ға жол-көлік ережесінің сақталмауы, атап айтсақ, жылдамдық-ты арттыру – 5 289, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жермен жүруі – 1 475, қарама-қарсы жолаққа шығып кету – 1 700, жаяу жүргінші өткелдерінен жүру кезінде – 2 207, алкоголь өнімі немесе есірткі пайдаланған күйде транспорт құралын басқару – 947, басқа бұзушылықтар бойынша – 11 741». Жанды түршіктіретін құрғақ сандар. Алайда бұдан да қорқынышты статистика бар.
       Жылына ЖКО-да 3 037 адам қайтыс болған. Тағы 29 872 жарақат алған. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының әрқайсысында 529 адамнан қайтыс болған, Жамбылда — 312, Қарағандыда – 250, Шығыс Қазақстанда – 177, Ақмолада – 155 және Алматыда – 166. Қаншама жағдайда кінәлілер тараптармен татуласу арқылы жауапкершіліктен құтылып, қайтадан рөлге отырды. Кешірім алу үшін олар қандай әдістерді қолданды екен?
Зардап шегушілердің туыстары мықтылар және байлармен татуласу мәселесінде салқынқандылық танытатындары таң қалдырады. Ал қайтыс болғанның әрқайсысының артында анасы, әкесі, ағасы, апасы, жары мен балалары қалды, және солардың барлығына өзара қалай да келісу керек. Интер-нет желісінде олардың жақындарының өлімін саудалап жатыр деп кінәлайды. Олар саудаласпайды. Олар осылайша әділдік орнатып, кінәліні ақшамен болса да жазалауға тырысады, себебі жазаның басқа түрі болмауы да мүмкін…
       Әлеуметтік желіні пайдаланушылар бұл мәселені шешудің нұсқасын баяғыда ұсынған болатын, оған біздің заң шығарушы билік құлақ асса жақсы болар еді. Тараптардың татуласуын тек жағдайды жеңілдету деп түсініп, қылмыстық істі тоқтатпай, міндетті түрде материалдық және моральдық шығынды өндіруді қалдыру керек.
       Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясы әлі қабылданған жоқ. Әлі өзгертетін уақыт бар. Мас күйінде рөлге отырғандардың дөңгелегінің астында қаза болмағандардың өмірін құтқаруға да әлі уақыт бар.
ҚазТАГ – Мәдина ӘЛІМХАНОВА.




Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика