Техникалық қызмет көрсету стансаларында өрт қауіпсіздігіне абай болыңыз

Биылғы 4 тамызда, сағат 17:37-де  Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал-3 ш/а,   Әл-Фараби көшесі №288 мекен-жайында орналасқан құрылысы бітпеген жалпы көлемі 300 ш.м. «Айбек» техникалық қызмет көрсету станциясы өртке оранып, көлемі 150 ш.м. шатыры жанды. Өрт сөндіру барысында мемлекеттік нөмірі KZ 508 BBZ/17 «Ауди» маркалы автокөлігі қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД қызсметкерлері мен техникалары (46 қызметкер мен 8 техника, АМО 3 қызметкер мен 1 техника), сонымен қатар, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Оқиға орнында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, қазіргі таңда өрт себептері анықталуда.

Осы орайда, тұрғындар мен көлік жүргізушілерді техникалық қызмет көрсету станасаларында өрт қауіпсіздігіне абай болуды ескерте отырып, өрттің алдын-алатын техникалық ережелермен таныстыруды жөн көрдік.

Кәсіпорындарда, техникалық қызмет көрсету стансаларында (ТҚС), көлік кәсіпорындарында жыл сайын олардың жалпы санынан 10-12% өрт болады.   Өнеркәсіп объектілеріндегі өрттер, әдетте, үлкен өрт жүктемесіне байланысты (жанғыш заттар, материалдар, тез тұтанатын сұйықтықтар) үлкен аудандарға тарайды, бұл өрттер үлкен материалдық шығындарға әкеледі, адамдардың қайтыс болу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай оқиғалардың пайда болу себебі-қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе оларды сақтамау.

ҚР ҚНжЕ сәйкес 2.02-05-2002 функционалды өрт қауіптілігі бойынша автосервис және ТҚКС кәсіпорындары » ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі» Ф5 класына жатады. Өрттің пайда болуы тұрғысынан автосервис әлеуетті қауіпті. Бұл тез тұтанатын сұйықтықтар жиі болатындығына, сондай-ақ өрт қауіпті жұмыстар, мысалы, дәнекерлеу аппараттарының көмегімен жүргізілетіндігіне байланысты. Сонымен қатар, автокөлік қызметтерінде көптеген күрделі электр жабдықтары орнатылған, бұл мұндай кәсіпорындардың ықтимал қауіптілігін арттырады.

Техникалық қызмет көрсету станцияларында жанудың негізгі себептерін есте ұстаңыз:

  • электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
  • электр желілерін қорғау аппараттарын техникалық пайдалану және таңдау ережелерін бұзу • желілерді шамадан тыс жүктеу);
  • темекі шегу кезіндегі абайсыздық;
  • электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика