tories/6836743931_d12936bc75_z.jpg» width=»190″ height=»215″ alt=»6836743931_d12936bc75_z» style=»float: right;» />
Қытайда футболдан жастар құрамасында өнер көрсетіп жүрген жас қақпашы Ержет Ерзатұлы Португалияның «Gondomar s.c» командасымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы alaman.kz хабарлайды.
Ержет 29 қаңтарда Португалияның үшінші лигасында ойнайтын «Gondo-mar s.c» командасымен жартыжылдық келісімшартқа қол қойды. Ол Еуропа есігін ашқан тұңғыш шынжаңдық футболшы болып отыр. Португалдық ұжымның қақпасын күзетуді міндетіне алған ол алдағы уақытта өзін жақсы қы-рынан таныта алса, Еуропа алаңдарына жол ашылуы әбден мүмкін.
Ержет 1993 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туылған. 2009 жылы Астанада өткен президент кубогында Қытай жастар құрамасы аты-нан қатысып, жақсы қырынан танылған.
Қытай премьер лигасындағы бірқа-тар командалардың жасаған ұсыныстарына қарамай, Португалияның төменгі лига командасын таңдауының себебін ол «Еуропада ойнау — бұрыннан бергі арманым. Сол үшін Еуропаға барамын», — деп түсіндіреді.
Айта кетейік, «Gondomar s.c» командасы 1921 жылы құрылған. Порту аймағындағы Gondomar қаласына орналасқан. Бұл команда бұрын Португалияның А дәрежелі лигасында ойнаған. Кейін келісілген матчтарға қатысы бар деген шешімнен соң төменгі лигаға түсірілген.
Leave a Reply