2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім шарттың 52 бабы 2-ші тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 3 тармағына және 2012 жылғы 20 маусымдағы №48 Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерстерді енгізу және жою туралы ережесінің 6 тармағын ескере отырып 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 Жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақтың шешімімен бекітілген жұмыс жасау регламентінің №2 қосымшасының 11 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия келесілерге бекітуге шешім қабылдады, олар:
а) Еуразиялық экономикалық одақ құқығына немесе Одаққа мүше-елдердің заңына кіретін Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдерге қатысты берілген және қабылданған міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар осы техникалық регламент күшіне енгенге дейін және оларды пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды болып саналады;
Техникалық регламент күшіне енгеннен кейін және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына немесе Одаққа мүше-елдердің заңына кіретін алдында орнатылған актілермен өнімдерді міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды қабылдауға және беруге рұқсат етілмейді.
б) 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін осы техникалық регламент күшіне енгенге дейінгі Еуразиялық экономикалық одақ құқығына немесе Одаққа мүше-елдердің заңына кіретін актілермен орнатылған өнімдерді сәйкестік міндетті бағалау туралы құжатынсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен таңбалауынсыз кеден одағының елдерінің аймағына өндіруге және шығаруға рұқсат етіледі.
в) 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін осы техникалық регламент күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақ құқығына немесе Одаққа мүше-елдердің заңына кіретін актілермен орнатылған міндетті талаптарға сәйкес өнімдерге берілген немесе қабылданған міндетті талаптары көрсетілген өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаты бар болған жағдайда кеден одағының аймағына шығаруға және өндіруге рұқсат етіледі.
г) жоғарыда келтірілген «б» ж»не «в» тармақшаларындағы өнімдер мүше-елдердің заңына сәйкес орнатылған өнімді сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін рұқсат етіледі.
036/2016 «Отын ретінде пайдалануға арналған сұйылтылған көмірсутекті газдарға талаптар» Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді.
Аталған техникалық регламентке стандарттар тізімі 2017 жылдың 28 ақпанындағы Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының №26 шешімімен бекітілді.
А.С.МАХАМБЕТОВА,
«ҚазСтИн» РМК ОҚФ бас маманы
Leave a Reply