БЕРЛИНГЕ ДЕЙІН БАРҒАН ӘКЕМНІҢ ӨМІРІНІҢ ӨЗІ ӨНЕГЕ ЕДІ…

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>Берлинге дейін барған әкемнің өмірінің өзі өнеге еді…

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>tories/mursuli.jpg» width=»286″ height=»448″ alt=»mursuli» style=»float: left;» />«…Даланы қанмен суарған сұм соғыс өртінің шарпып тұрған шағы. Кескілескен ұрыс. Әрлі-берлі ысқыра зулаған ажал оқтары төбеден бұршақтай жауып тұр. Айналада жан тәсілім еткен жауынгерлерде есеп жоқ. Кеше ғана немістер бой тасалаған окопта бүгін Мүрсәлі қасындағы қырғыз майдандасымен бірге өздеріне үңірейген ұңғысын бағыттап, жер-дүниені дүр сілкіндіріп жылжып келе жатқан жау танкісінің жақындауын күтіп жатыр. Оның қарсы алдынан ашық шығып, «ашуын басу» ақылға қонымсыз. Одан да айла-әдіске көшіп, қалайда асауға тұсау салудың амалын іздеген жөн. Түрінің өзі сұсты көрінетін танк дәл бұлардың бұғып жатқан жерін үстінен гүрілдеп басып өтті. Төбесінен таудай болып өткен танктың артқы жағынан дәлдеп тұрып лақтырған граната «тажал темірдің» үнін өшірді. Дәл осындай амалмен немістің тағы бір танкісін өртке орады…»

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әкем Мүрсәлі Татипановты соғыстағы осы ерлігі үшін «Даңқ» орденімен марапаттаған екен. Мұны әкем бізден басқа ешкімге мақтанып айтқан емес. 1910 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген ол соғыс басталғанға дейін шахтада жұмыс істеп, 1942 жылдың 10 қаңтарында сұранып майдан даласына аттанды. Жалғыз ағасы Зыкиді амалын тауып соғыстан қалдырып, өзі кеткен. Сондағы ойы «екеуміз де соғысқа аттанып, оралмай қалсақ, ұрпақ жалғастығы тоқтап қала ма» деген қорқыныш болған. Құдайға шүкір, туған жердің дәм-тұзы бұйырып, соғыстан аман-есен оралды.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әкем аса әңгімешіл болмады, майдандағы ерліктерін де мақтанып айтуды құп көрмейтін. Дегенмен, соғыс салған жан жарасы сыздатса керек, кей-кейде естеліктер тізгінен босатып отыратыны бар еді. Оның «Ерлігі үшін» марапатын қалай алғандығы жөнінде айтқандары ойыма оралып отыр. Әкемнің қызмет еткен полкіне немістерден «тіл» әкелу тапсырмасы беріледі. Бұл өте қиын да, қауіп-қатерге толы шаруа екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен, бұйрықтың аты бұйрық, өміріңді де тәуекелге тігуге тура келеді. Абырой болғанда бұл тапсырманы мүлтіксіз орындау әкемнің маңдайына жазылған екен. Асқан ептіліктің арқасында жаудың күдігін тудырмай, бір немістің дымын шығармай ұстап алып әкеледі. Олжа деп осыны айт, әлгі немістің асынып алған сөмкесінен жаудың жоспарынан хабар беретін өте маңызды құжат табылыпты. Осының арқасында бірнеше күн жаудың аңдысын аңдып, жоспарларынан бейхабар болған біздің әскер үшін құпия ашылып, шабуылға шыққан. Мұның соңы жауды кейін шегіндірумен аяқталған. Осы кескілескен ұрыста әкем аяғынан қатты жарақат алып қалыпты. Ашық далада алған жарақатынан жүре алмай, еңбектеген күйі бірнеше сағат алға жылжып, окопқа жетіпті. Сол жерде жатып аздап ес жиған соң байқайды, біздің солдаттар жаралыларға жәрдем беріп жүр екен. Бірақ, тапсырма солай болған шығар, әйтеуір солдаттар жаралылардың арасынан тек офицерлерді ғана іріктеп арбаға салып, госпитальға жөнелтіп жатыр екен. Қатардағы жауынгерлердің жанына да жоламайды. Мына әділетсіздікке күйіп кеткен әкем ашуға булығып, қолындағы автоматымен аспанға атып, солдаттарды да емдеуге алып кетпесе атып өлтіретінін айтып, қорқытыпты.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Жат жерде, белгісіз жағдайда кімнің өлгісі келеді дейсіз, барлығының да зарыға күтіп отырған отбасылары бар. Осындай талапшылдығының арқасында өзі де, өзі секілді біраз жауынгерлер де бір ажалдан аман қалыпты.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі деген рас екен. Аяқтан алған жарақаты жазылғасын қайта майдан даласына аттанады. 1943 жылдың 26 қазанында жау оғы әкемді екінші рет қарын тұсынан қатты жарақаттапты. Бұл жолы Ленинградтағы госпитальде емделіп, екі айдан кейін қайта ұрысқа кіріседі. Соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан әкем 3-Белоруссиялық майданда, 240-гвардиялық атқыштар полкінде, 2-атқыштар батальонында болып, Варшава, Сталинград, Будапешт және басқа да қалаларды азат етуге қатысқан. Ең соңы Берлинге дейін барып, Рейхстагқа тігілген тудың куәсі болған екен. «Берлинді алғаны үшін» медалі осы кезде берілген. Мергендігімен де көзге түсіп, «Үздік пулеметші» гвардиялық белгісін еншілеген. Жалпы алғанда, соғыстағы ерлігі үшін берілген орден-медальдары 15-20-ға жуықтайды екен.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Сұм соғыс аяқталғаннан кейін елге аман-есен оралған әкем Мүрсәлі құдай қосқан қосағын жолықтырып, онымен шаңырақ көтеріп, 8 перзент тәрбиелеп өсірді. Майданда болғанын ешкімге міндет етпестен, өзіне айрықша құрмет көрсетілуін талап етіп ешқайда шағымданбастан, қарапайым ғана, қоңыр тіршілік кешіп, көрші ауданнан халыққа нан тасумен айналысты. Әділдігінің арқасында он шақты жыл Жаңаарқа аудандық сотында халық қосшы биі (народный заседатель) қызметін атқарды. Шешем болса қатардағы сауыншы. Екеуі де байлықтың соңына түсіп, дүние қуған жоқ. Тапқан-таянғандары қара нан мен қара суға, үстімізге іліп алар шүберекке жетсе, соған да қанағат етіп өмірден өтті. Бірақ, бала тәрбиесіне селқос қарамады, қатты мән берді. Қыз балалардың тәрбиесін негізінен шешеме сеніп тапсырып, өзі ұл балдардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Әкемнің «біреудің ала жібін аттамаңдар, аққа жақ, әділ болыңдар» деген аманаты әлі күнге дейін санамда сақталып қалған.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Міне, жауапты да, қиын судьялық қызметті атқарып келе жатқаныма сегіз жылға жуықтаса да әлі күнге дейін әр іс қараған сайын әкемнің әлгі сөзі құлағымда жаңғырып тұрғандай болады. Адам тағдырына төрелік айтатын маңызды мамандық иесі ретінде маған әкемнің бұл аманаты өміріме бағдаршам болумен келеді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Жалпы алғанда, ата-анамның бір-біріне деген қарым-қатынасы, бізге айтқан ақыл-кеңестері біздің, яғни перзенттерінің өмірін барынша жақсы жаққа бұра білді. Анам әкеме қарсы сөйлемек түгілі қабағын көтеріп, тіке қарамайтын. Өмірінің соңғы он жылын көзі көрмей су қараңғылықта өткізген әкемнің анам бар жағдайын жалықпай жасады, сауыншылықты да тастамады. Барлығына үлгерді. Бұрынғы аналардың сүйегі қандай асыл болған десеңізші! Қазіргі келіндердің, «заманауи шешелердің» арасында уақытша қиындыққа шыдамай, оп-оңай-ақ ажыраса салуға бейім болып бара жатқанына күнделікті жұмыс барысында жиі жолығатынымыз қынжылтады. Ортадағы балалардың тағдырына алаңдамайтыны өкінішті. Бізге де «күйеулеріңді сыйлағандарың әкелеріңді сыйлағандарың» деп ұдайы айтып отыратын. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, анамның осындай тәрбиесінің арқасы болса керек, жұмыста судья болсам да үйде асыл жар, аяулы анамын. Құдай қосқан қосағымның айтқанынан шыққан емеспін. ажық-жарқын отыруларына жағдай жасаймын.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Адамда арман таусылған ба? Әкем Мүрсәлінің мінезі тік, бірбеткей болғанымен, іште көп өкініштің тұншығып жатқанын кейінгі жылдардағы жүдеген жүзінен сезуші едім. Неге десеңіз, кезінде әкемнің көптеген ерліктері мемлекет тарапынан елеусіз қалып, лайықты құрметті сезінбеді. Екінші рет беріледі деген «Даңқ» ордені сол күйі бұйырмады. Жергілікті, яғни алғаш Қарағанды облысы Жаңаарқа, кейіннен Жезқазған облысы Ағадір ауданы болған аудандық әскери комиссариат тарапынан соғыс ардагері ретінде әкемді елеп-ескеріп, құрмет көрсетіп, марапаттап, жасаған ерліктерін кейінгі ұрпаққа паш етуде белсенділік танытпады. Бар болғаны, анда-санда мектеп оқушыларымен кішігірім жүздесу ұйымдастырып, азын-аулақ әңгімесін тыңдаудан әріге асқан жоқ. Алланың өлшеп берген жасы ғой, дегенмен, әкем еліміз тәуелсіздік алған жылдарға дейін ғұмыр кешкенде оған деген құрмет өзгеше болар ма еді деп те ойлаймын. Қазір Елбасының салиқалы саясатының арқасында соғыс ардагерлеріне ерекше көңіл бөлініп, көп құрмет көрсетіп жатыр. Марқұм әкемнің осы құрметтің біреуін де көрмей кеткеніне жүрегім езіліп, қатты қынжыламын. Осындайда ақиық ақын Мұхтар Шахановтың «ерлікті жасамаудан бағаламау әлдеқайда қауіпті» деген жалынды жыр жолдары еріксіз ойыма оралады. Шындығында да ерлік жасау бар да, оны лайықты бағалау бар емес пе? Бәлкім Кеңес Одағы кезіндегі солақай саясаттың да салқыны болған шығар? Әкем секілді қаншама қазақ азаматтарының ерліктері ескерусіз, батырлықтары бағалаусыз қалып қойды. Менің өзегімді өртейтін осы жайт. Бұл олқылықтың орнын аздап болса да толтыруға болатын шығар, дегенмен, енді ол кісілерге жасай алар бар жақсылығымыз — әруақтарына арнап құран бағыштау ғана. Ал, көзі тірі ардагерлерге қанша құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріповтың ардагерлерге деген ерекше құрметі, үлкендерге деген ізеті барлығымызға үлгі боларлықтай. Басшымыз бастап, біз қостап, Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында мүмкіндігінше ардагерлерге ілтипат, құрмет көрсетуге тырысып келеміз. Қарттарымызды – қазынамызды құрметтегініміз өз әкемізді құрметтегенмен бірдей. Лайым, арамызда жүрген ардагерлер аман болсын!

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әкемнің көзі кеткеннен кейін ұл-қыздары болып оның біз үшін құпиясы көп соғыстағы өмірінің қандай болғанын білгіміз келіп, жан-жаққа сұрау салдық. Сонда бізге Ресейдің Санкт Петербор қаласы Лазаретный көшесіндегі №2 үйде әкемнің экспонаты сақтаулы тұрғандығы жөнінде ресми хабар келді. Оның қандай экспонат екенін білу алдағы уақыттың еншісіндегі дүние. Дегенмен, осы мәліметке қарағанда әкемнің майдандағы біз білмейтін тағы ерлік істері бар шығар деп ойлаймыз.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»>Әкемнің анасы бас-аяғы 22 құрсақ көтерген екен. Содан қалғаны екеу ғана болды. Әкем Мүрсәлі мен шешем Мәрим, әкемнің туған ағасы Татипанов Зыкей мен жеңгесі Бұлкен төртеуі бүгінде өздерінің аманаттары бойынша Ағадір ауданында бір зиратта қатар жатыр. Жандары жаннатта болғай!

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 1cm;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>Светлана Мүрсәліқызы ТАТИПАНОВА — ИМАНҚҰЛОВА

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>Оңтүстік Қазақстан облысы,

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>Түркістан қалалық сотының судьясы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика