МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

tories/001merit.jpg» border=»0″ />

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның бірінші бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құруды көздейді. «100 нақты қадамның» 10-қадамы мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшуге бағытталған. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту болып табылады.

Меритократия принциптерін нығайту біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік бермеуге бағытталған жол болса, екіншіден, мемлекеттік қызметшінің сіңірген еңбегін әділ бағалаудың мүмкіндігі.

Елбасының еліміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін қазақстандық қоғам алдына қойып отырған міндеттері мемлекеттік қызметшіге жүктелетін жауапкершілікті еселей түспек. Сондықтан осы саладағы жаңғыртулардың маңыздысы мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің қоғамға қызмет етуіне бағытталып отыр.

Осы орайда, мансаптық модельді жүзеге асыру мақсатында, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету қағидатына негізделіп, ашықтық, жариялылық, әділдік принциптерімен ұштастырылған.

Меритократия қағидатын қолдану мемлекеттің өркендеуіне бағытталған жол. Ең маңыздысы, меритократия тең мүмкіндіктің және әділдіктің арқасында мемлекеттік қызметте қызмет баспалдағы бойынша қабілетті, білікті маманның жоғарылауына ықпал жасайды.

Меритократия қағидатына сүйеніп, іріктеу шараларының жариялылығын және ашықтығын арттыруға бағытталған процестерді атап өтетін болсақ:

— мемлекеттік органдарда кадрларды іріктеу бойынша конкурстар өткізу кезінде байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы;

— барлық бос лауазымдар туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыру талабы;

— конкурстарды өткізу кезінде әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімін интернет-ресурстарда және баршаға көрінетіндей жерде орналастыру тәртібі.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың I жартыжылдығында конкурстық негізде жергілікті атқарушы органдарда тағайындалған  мемлекеттік қызметкерлердің 43,6% лауазымында жоғарыласа, ал аумақтық мемлекеттік органдарда тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің 23,2% лауазымында жоғарылаған.

Бұл дегеніміз, облысымызда меритократия қағидатының жолға қойылып, іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанынының көрінісі.

Жалпы қорытындылай келе, меритократия — уақыт талабы. Бәсекеге қабілетті ел — барлық салада бәсекеге қабілетті мамандардан құрылатындығы сөзсіз. Осы орайда, меритократия қағидатын нығайту арқылы қабілетті қызметкерлерді шыңдауға, олардың кәсіби деңгейін арттыруға болады.

А. ШОЙЫНБАЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика