tories/001mangili.jpg» border=»0″ />
Өзіндік ұлттық идеясы бар мемлекеттер ғана дөңгеленген дүниеден орнын тауып, жан-жақты дамыған мемлекетке айналады. Оны өмір көрсетіп отыр . Осы орайда елімізді бір мақсат-мүдде мен бір болашаққа бастайтын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы Қазақстанның жарқын болашағын айқындайтын ең маңызды бастама.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы –мемлекетіміздің еркін азаматтық қоғамды қалыптастыру бағытында жасаған қадамдарының әрі құқықтық демократиялық мемлекетті құрудың жемісі.
Ел тәуелсіздігін алғалы бергі тарих еншісіне кеткен 25 жыл жеке адамның да, тұтас бір қоғамның да ұлттық идеясыз, мемлекеттік идеологиясыз толыққанды өркендей алмайтындығын көрсетті. Олай болатыны, адамның санасы, жандүниесі айналасында туындап отырған сансыз сауалдарға жауап табуға белсенді қозғайтын өмірлік идеяны қажет етеді. Қоғам сияқты адамның жүрегі мен санасы ешуақытта бос болмайды. Егер оны игілікке бастайтын идея, ойлармен толтырып отырмаса, басқа зиянды пікірлер жаулап алып, жат көзқарас туындап, қоғам құлдырауы мүмкін, бұл тарихи шындық. Тарихты ақтарсақ, әл-Фарабидің «Ізгі қала» трактатында кез келген нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап талаптанып жетуге болатындықтан кез-келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қала қайырымды қала деп түсіндіріледі. Және сол секілді қайырымды қоғам, қайырымды халық та болады деп жазғанына куә боламыз.
Ұлттың ұйыта түсуге арналған «Мәңгілік Ел» идеясының басты мақсаты тәуелсіздігі орныққан еліміздің шаңырағын биік ұстау, оның береке-бірлігін арттыру болып табылады. Қазақ халқы ежелден келісім мен бейбітшілікті қастер тұтып, «ынтымақ – бұзылмайтын қорған» немесе «саусақ бірікпей, ине ілінбейді» деп бірлікке ерекше көңіл бөлген халық. Осы тұрғыдан келгенде «Мәңгілік ел» идеясының түп-тамырында Асан қайғының «Жер ұйығы» мен әл-Фарабидің «Ізгі қаласын» құру, қалыптастыру идеялары жатқанын көруге болады. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: жеті құндылықтың ішіндегі маңыздысы «қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» екенін атап көрсетті. Ел президентінің қайсыбір Жолдауын немесе мақалаларын оқысаңыз еліміздің ортақ ұлы болашағын құруға, әрбір азаматтың бойында ортақ Отанның тағдыры үшін жауапкершілік пен патриоттық сезімдерін оятуға, еркін азаматтық қоғам құруға бағытталады.
Осы орайда мен жастарға мынадай сұрақ қояр едім, сені Отаныңның тағдыры алаңдата ма, сен еркін азаматтық қоғам құру үшін не істей аласың?
Б. УСИНБЕКОВ,
«Қазақстан заңгерлер Одағы» РҚБ-нің мүшесі.
Leave a Reply