Кітапханашы
Кітап- құнды дүние. Осы құнды дүниенің сақталатын орны – кітапхана. Ал оны сақтайтын – кітапханашы.
Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін айқындап беріп отырған, ой- өрісі кең, жан- жақты білімді, өнерлі, парасатты кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек.
Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы жайлы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле беремейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт- бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан теңіз.
Қасиетті қазынымызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өрениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.
Ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты білім мен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек.
Кітапхана жұмысы көзге көріне бермейтін ағысы баяу терең өзен секілді, түсінгенге мәні терең. Кітапхана- оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де « кітапханашы» маңызды буын болып саналады.
Әрбір кітапханашы мамандығын өміріне серік етіп рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлап, өзін ғасырдан ғасырға жеткен асыл қазынамыздың қожайыны.
Сонымен кітапханашы- психолог, кітапханашы- ұстаз, кітапханашы- өнер майталманы.Сондықтан хан да, қара да кітапханашының алдында бас иіп оны қадірлеп өтуі тиіс.
Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.
Ғылыми жетекшісі,аға оқытушы; Раймбекова М.Т
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1-курс студенті; Маматқулова А,Ә
Leave a Reply