Фарида АҚБЕРДИЕВА: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ҚИЫНДЫҚТАН ӨТУ КЕРЕК

tories/001fari.jpg» border=»0″ />

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Біріккен Араб әмірлігінде тұратыны болмаса, өзіміздің қызымыз – Фарида Ақбердиева. Қазақтың қызы. Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің түлегі. Білімді, дарынды, өнерге, өмірге құштар. Әлемдік фитнес және сұлулық индустриясында өзіндік ізімді қалдырсам деген арманы бар.

Адам баласының белгілі бір дәрежеге жетуі ең алдымен тікелей өзіне, кейіннен ата-анасының тәрбиесі мен қолдауына, содан кейін айналасындағы адамдарға байланысты болады. Сондай-ақ әр адамның өмір сүру құлшынысы да әртүрлі, алар асуы мен бағындырар белесі де алға қойған мақсат тілегіне және еңбек етуі мен өмірге деген ұмтылыс-құштарлығынан байқалады. Қарапайым ортадан түлеп ұшқан қарапайым ғана қазақ қызы Фарида Ақбердиева бүгінде Дубайда кәсібін дөңгелетіп, іскерлік әлемінде аты ауызға іліге бастаған ару. Бізді ең алдымен қызықтырған оның кәсібін өркендетуге Қазақстанды емес Дубайды таңдауы болды. Үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы білгіміз келді.

Фарида Ақбердиева: Мен сізге бәрін рет-ретімен айтып берейін. Кәсіпте екі бағытым бар. Біріншісі мұнай-газ саласы. Бұл салаға қиын жолмен, уақытымның үлкен бір бөлігін жұмсап келдім. Мұнай компаниясында жұмыс істеу – менің бала кезімнен, нақтырақ айтсақ жетінші сыныптан бергі арманым болды. Алғашқы ізденіс осы салаға маман дайындайтын оқу орнын іздеп-таңдаудан басталды. Білімге деген құштарлық бар, күнделікті оқудан жалыққан жоқпын, ағылшын тілін қатар алып жүріп үйрендім. Арман-мақсатыма деген алғашқы кадамдар осылай басталды.

Өмірге деген құштарлық, білімге деген ұмтылыс бұл менің үлкен өмірді тануымның бір бөлігі. Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің қыздарға арналған мектебінің түлегімін. ЖОО дайындық барысында, xимия пәнінен облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Ең маңыздысы нәтиже емеспін. Осы ізденістерімнің нәтижесі 2007-жылы, Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университетіне оқуға түстім, онда “Энергетика және Mұнай-газ саласының органикалық заттар” факультетінің “Химиялық технология” бөлімін бітірдім.

Ал, фитнес және сұлулық индустриясына мен кейінірек келдім – алдымен тұтынушы ретінде, кейіннен қызығушылық пайда болып толықтай осы кәсіппен шұғылдана бастадым. Бұл бағытта менің таңдауым PoleDance және Пилатес болды, кәсіби деңгейде кірістім. Қазіргі таңда, Дубайдағы (БАӘ) PoleDance және Пилатес жаттықтырушысымын, кішігірім оқушы және шәкірттерден жиналған топты үйретемін.

– Сіздің табысқа жету үшін қандай қиындықтар болды? Сізге бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін не өту керек еді?

– Менің арман жолымда ең бірінші қатты соққы болғаны яғни жеңілген сәтім ол «Алтын белгімен» алуға қатты дайындалып, грант иегері болмауым! ҚБТУ-ға грантқа түсе алмадым. Алғашында, мен грантсыз ақылы оқуға түскеніме өте алаңдаған едім, тіпті өмірім аяқталды деп ойладым.

Енді қазір болса, мен мұны күлімсіреп есіме түсіремін және сіздерге кез-келген қиындықтардан бас тартып, үміт үзбеу керектігін айтқым келеді. Өмірде сіздің мақсатыңыз үшін миллиондаған мүмкіндіктер бар болғандықтан, сізге бар керек болғаны тек мұқият бақылап қарасаңыз жеткілікті. Арманымнан бас кеше алмай отбасымның көрсеткен қолдауымен, ақылы бөлімге оқуға түстім. Кейінгі қиын кезең ол жұмысқа орналасуым. Қазақстанда ЖОО жаңа бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы өте қиын болды, яғни жас түлектерге деген сұраныстың аз болуынан.( қазіргі таңда білмедім) алайда мен жұмысқа орналаса бастағанда үдеріс солай болды. Көптеген бос орындарға мамандығым бойынша түйіндеме тастаған болатынмын, жас маман болғандықтан ба, бас тартулар орысша айтқанда “Отказ” келді. Сол кездегі бас тарту жауап xаттары түкке тұрғысыз сезімдерменен өз-өзіме деген сенімсіздіктер берді. Дегенмен менің түсінігімде, жұмысқа қабылдамаулар тәжірибе жинақтауда үлкен себепкер деп айтсақ, яғни байбаламға салынбай, алға қарай ұмтылып, даму жолында жаңа ізденістердің пайда болуы.

– Сіз жұмыс істеген кезде алған әсеріңіз туралы айтып беріңіз?

– Мен істейтін компания мұнай зауыттарының құрылысымен айналысады. Жұмысым кеңселік болғаннан кейін, зауытты соғу және мұнай өндіру оңай болып көрінеді сырт көзге.

– Табыстың құпиясы қандай? Сізге алғашқы табыс қалай келді?

– Менің ойымша табысқа жетудің құпиясы – сіздің іс-әрекеттеріңізде, қозғалыста және қарым-қатынас жасауыңызда. Сіз өзіңіздің жеке армандарыңыз бен мақсаттарыңызға үнемі ұмтылуыңыз керек. Өзіңіз қалаған немесе ұқсағыңыз келген адамдармен қоршауға тырысыңыз.

Мысалы, кәсіпкер болғыңыз келсе, кәсіпкерлермен сөйлесіңіз және дәрігерлік маман қалауыңызда болса сол ұстаныммен әрекет ету. Өз ортаңызда сіз қалағандай болғыңыз келетін адамдар болмаса, онда кітаптармен байланысу керек деп ойлаймын. Себебі, Ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын оқудың өзі – олармен қарым-қатынаста болғанмен бірдей. Әйтпегенде интернет желісінде ұлы адамдардың өмірбаянын қарау, олардың өзі де керекті мотивация жасайды. Кәсіпкер ретінде бірінші жетістік күтпеген жерден келді. Ол кезде мен Атырауда жұмыс істедім, фитнес саласындағы кәсіп туралы ойладым… Биге қатысып жүргенде, жеке студиясы бар қыздың пәтерінде тұрдым. Ол қызбен жақсы араластым, сол кездерде ол менімен жұмыс қалай істеуді қыр-сырымен бөлісіп және офистік жұмыс уақытынан кейін би студиясында жұмыс істеуге шақырды. Сол кездегі қаржылық деңгеймен салыстыратын болсақ, жақсы жұмыс жасап, қосымша қаржы табудың көзін үйрендім. Күніне 1-2 сағат жұмыс істегеніме қарамастан, ондағы табысым компаниядағы жалақыммен бірдей еді…

– Егер сіздің жетістікке жету қадамдарыңызды орындағыңыз келсе, өскелең ұрпаққа қалай бастауға болады? Немесе қандай кәсіби кеңес берер едіңіз?

– Ең бірінші әр адам жүрегін тыңдап өзінің қалауын анықтап алуы керек… бұл өте маңызды! Бұл қоғамға тиесілі емес – тек өзіне қатысты болуы керек.

Өзіне мынадай сұрақ қою арқылы анықтап алуына болады: өмірде кім болғысы келетіні және қандай дәрежеде немесе қызметте болғысы келетіні. Ол үшін әрине, тек өзіне ұнайтын іспен айналысуы керек. Бұл өте маңызды, себебі кез келген жолда кедергілер пайда болады, егер ол өзің жақсы көрмейтін, ұнатпайтын іспен айналысса, онда бәрінен бас тартып, бәрін тастай кетуі әбден мүмкін. Ал егерде ол оның сүйікті ісі болса, қандай да бір кедергілер туындаса – ол өзі жеңе алатын күшке ие болады. Оның мақсаты айқын болғанда, егжей-тегжейлі жоспар жасап, мақсатқа жету жолында кішігірім мақсаттарға бөліп, орындалу уақыттарын нақтылай белгілеген жөн, өйткені барлық адамның уақыты шектеулі.

Жоспар тек қағаз бетінде ғана. Болғаны емес іске асырылуы маңызды, барлығыда сіздің өз қолыңызда.

– Кәсіпкер ретінде, тұрақты кәсіпті жүргізу үшін ТОП-5 ең тиімді тактика тізімін (кеңес пен ақыл-ойыңызды, фишкалар, трюктар, құпиялар-сырлар) айта кетсеңіз.

– 1 – Өзіңіздің жұмысыңызды жақсы көріңіз! Өйткені, сіз өзіңіздің жұмысыңызды жасағаныңызда немесе бұл туралы сөйлескенде, көздеріңіз жарқырап жұмысқа деген сүйіспеншілік байқалып және жұмысыңыздан ләззат алатыныңыз сырт көзге сезіледі. Басқаша айтқанда, сіздің жұмысқа деген көзқарасыңыз және кәсіпкер ретінде сіздің мәртебеңіз сіздің қызметкерлеріңізге және тұтынушыларыңызға берілетін болады.

2 – Сіз үшін жұмыс істейтін адамдарды (Қызметкерлерді) құрметтеп, әрқашан сыйластықпен жүріңіз. Сіз өзіңіздің қызметкерлеріңіздің мүдделерін ескеруіңіз керек! Өйткені, сіз өзіңіздің кәсібіңізді дамыту жолында – жұмыскерлеріңізді сырттан немесе өзгелерден жақсы жұмыс іздеп таба алмайтындай етіп дамытуға мүдделі болуыңыз керек.

3 – Команданы ынталандыруға мүмкіндік беру – яғни қызметкерлер не істеу керектігін нақты түсініп, жалақыдан басқа өздері үшін жұмысынан қандай пайда алатындарын біліп жүруі тиіс. Мейлінше, сіз кәсіпкер ретінде өзіңізде жұмыс істейтін адамдарды (Қызметкерлерді) ынталандырып, оларды жігерлендіріп, қуат беруіңіз қажет. Сіздің командамыз – мықты армия секілді, бұл өзіңіздің кәсібіңізді жоғары деңгейде көтере алатын. Сіз сарбаздармен жұмыс жасағаныңыз сияқты көзқараспен қарағаныңыз дұрыс болады.

4 – Кәсіпті үнемі дамыта беріңіз, кәсібіңізге жаңалықтармен толықтырып отыру маңызды, оған себеп тұтынушы сіздің әдеттегі қызметтеріңізден жалығып кетпеуі тиіс. Сондықтан да, бұл ереже немесе заңдылық сіздің тұтынушылар бәсекелесіңіздің өніміне ауысып шетке қалып қоймасыңыз үшін маңызды деп ойлаймын.

5 – Тұтынушыларға ең жоғары деңгейде қызмет көрсету – яғни тұтынушы өзінің жақындарымен достарына ұсынылатын деңгейде қызмет етуге тырысыңыз.

– Сіздің өміріңізге деген қарым-қатынасыңызды (кәсіпке, отбасыңызға, әріптестеріңізге, қызметкерлерге) 5-сөзбен қалыптастырып берсеңіз.

– Маxаббат

– шынайы

– позитивті

– жігерлі

– игі істі.

– Жақын болашаққа қатысты жоспарларыңызбен бөлісе аласыз ба?

– Осы қызметімді жалғастыру және фитнес бойынша кәсібімді дамыту әрине, одан соң бақытты әйел болу үшін тұрмысқа шығып, ұл-қызды болып АНА атанғым келеді! Және біраз уақыттан кейін өзімнің өндірісімді жасап шығаруда ойымда бар, әзірге анық емес.

– Сіздің өміріңіздің негізгі мақсаттары туралы айтып беріңізші.

– Менің өмірімдегі ең басты мақсат – бақытты болу әрине, одан бөлек қоршаған ортадағы адамдарды және өмірдегі серіктестерімді қорғап бақытты ету. Нақтырақ айтқанда – туысқандар мен достарымды, құрбыларыммен әріптестерімді, кәсіптегі серіктестерім мен «Қызмет» газетінің оқырмандарын.

Ұлбике ӘБДӘЛІ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика