Көтеріңкі көңіл күймен қимай қоштасып Жылан жылын тарих қойнауына шығарып салғалы тұрмыз. Рахмет саған, Жылан жылы! Өткен жылға өкпеміз жоқ. Ескі жылға есеміз кеткен жоқ. Мерекеміз көп болды, берекеміз мол болды. Ел адамдарының еңбегі жанып, еңсесі биіктей түсті. Ешкім маңдайымыздан шертпеді, ел көші өркениет көкжиегіне қарай беттеді, еткен еңбек, төккен тер зая кетпеді. Қазақ елінің қалауы – тыныштық пен бірлік тірлігімізді жіпке тізіп кеп бесек қара үзіп шыққан еліміздің мәртебесін әлем елдері мойындаған үстіне мойындай түсті. Күштi елге айналды. Қаз дауысты Қазыбек бише айтсақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, өз күш-қажырымызды әлемге байқатқан елміз, еңбегімізбен қара қазынамызды қайнатқан елміз, өркендерімізді өнерге баулып сайратқан елміз, ауыл мен қаламызды гүлдендіріп жайнатқан елміз. Бірлігі жарасқан елміз, биікке таласқан елміз, ұлы мұрат жолында асқар биіктерден ары асқан елміз, жақсылармен жанасқан елміз, ел мүддесімен санасқан елміз. Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевқа қолдау көрсеткен елміз, Тәуелсіздікке 22 жыл толып ержеткен елміз. Біз осындай Алла Тағаланың назары түскен егемен елміз, басына бақ қонағы байтақ Қазақстан деген елміз!
tories/001.jpg» width=»250″ height=»333″ alt=»001″ style=»float: right;» />
Жылан Жылының ең басты жаңалығы мен жетістігі мынау болды: 300 мыңнан астам халқы, 183 елді-мекені, 123 білім ошағы, 200-ден астам балабақшасы, 7 колледж, 1 театры бар Мақтаарал ауданы- әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республика бойынша аты озып алға шықты. Ильяс ақынның бір шумақ өлеңінің бетін бұрып: «Телегей шалқып теңіздей қуанышты шегі жоқ. Ардақталған өзіңдей, елімізде аудан тегі жоқ» дегің келеді. Жер еміп өскен аудан тұрғындары мен ауылын сүйген азаматтарының, аудан тізгінін ұстаған әкім Серік Тұрбековтің Елбасы саясатын дәйектілікпен жүзеге асырып отырған табаңды еңбегінің жеңісіне қуанышпен қол соққымыз келеді. Тәубе! Алда алар асуларымыз, асар биіктеріміз көп болғай! Тәуелсіздік күнін тойладық, ауданның құрылғанына 85 жыл толғанын еңбек жетістіктерімен атап өттік. Елімізде бірінші болып Алпамыс батырға арналған ақындардың жыр мүшәйрасын өткіздік. Сол мүшәйрада бас жүлдені жеңіп алған Махамбет Сапармұратов:
Ассалаумағалейкум, Батыр бабам!
Күндей ыстық көрінген атың маған.
Қош келіпсің төріне Жетісайдың,
Қуанышқа кенеліп жатыр далам, — деп жырлады. Бүкіл қазаққа ортақ батырдың руын асқақтатып, бабалар ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі етті. Мұның бәрін Жылан жылы сыйға тартқан, қоржынымызға түскен қомақты олжа деп білеміз.
Сан алуан күндерден соң сахнадан Жылан жылы түсіп, қыр астында құлағын Қазақты жылқыдан бөліп қарауға болмайды. Арғымақ ат – қазақтың қос қанаты. Бұны айтып отырған себебіміз, алдағы арғымақ жылы қазақ арманына жеткізетініне еш шүбәсіз сенеміз. Жаңа жылға айтар тілегіміз:
Арғымақ жылы, арманға жеткіз!
Асау өмір арнасында Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін. Қазақ елінің жетістіктерін дос-дұшпанымыз тамсанып көрсін. Жеткен жерде жылжымайық, толған кезде төгілмейік. Жетілгендерлі демеп, кетілгендерге көмек берейік. Бір аспан астында тыныштық орнасын, ұрыс, жанжал, кикілжің болмасын. Бір ел бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевты қолдасын! Мырзашөл дихандарының кетпеніне батпан құйрық байлық ілінсін. әрбір жанұя бақыттан басы айналып, қуанышпен кеуде керсін. Алла Тағала Қазақ еліне береке мен бірлік берсін! Ата-баба салты қанымызда жүрсін, барлық жақсылық атаулы жанымызда тұрсын. Бесік тербеткен аналарымыздың алақанына гүл бітсін, жігерлі жастарымыздың жүрегіне жыр бітсін, қырмызы гүлдей құлпырған қыздарымыздың маңдайына нұр бітсін.
Барша отандастар, Жаңа Жыл құтты болсын! Арғымақ жылы арманға жеткіз!
Бауыржан ОҢҒАРБАЕВ,
«Алпамыс батыр»
қоғамдық қорының президенті.
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Leave a Reply