БОЛАШАҚ ОФИЦЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

tories/Kazakhstan_Republican_Guard.jpeg» width=»350″ height=»186″ alt=»Kazakhstan_Republican_Guard» style=»float: right;» />

       Жуырда ҚР ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығында ерекше күн болды. Құқық қорғау органдары саласының қатарына орта басшы — 302 болашақ офицерлерге сертификат тапсыру рәсімі өтті.
       Салтанатты жиын барысында аталмыш оқу орталығының басшысы, подполковник Бекайдар Тойлыбаев болашақ офицерлерге 2013 жылдан бастап Елбасымыз Үкіметке елге аянбай қызмет етіп жүрген құқық қорғау саласы қызметкерлерінің тек материалдық жағдайын ғана жақсартып қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерін де шешуді қадап тапсырғанын айтып өтті. Және, Тәуелсіз мемлекетіміздің соңғы жылдардағы толағай табыстары мен жетістіктеріне арнайы тоқталды. Бұнымен қоса, жастарға алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына үлкен табыс тіледі. Осы жиынға мектептің ең алғашқы басшысы генерал Қ.Қалменов ағамыз да арнайы шақырылып, құрметті қонағы болды. Салтанатты жиын барысында болашақ офицерлерге ОҚО ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы С.Рысбеков, ардагерлер Ө.Сагулов, Э. Алиев ағаларымыз да өз тілектерін білдіріп, С.Рысбеков Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының атынан генерал Қ.Қалменовке Б.Момышұлы атындағы «Қызыл жұлдыз» орденін, подполковник Б.Тойлыбаевқа генерал С.Рахимовтың 110 жылдығына арнайы шығарылған орденін табыс етті. Сонымен қатар, бірнеше ІІМ қызметкерлері адал еңбектері үшін медальдармен және үздік бітірушілер мақтау грамотасымен марапатталды.
Жиын соңында оқу бітірушілер сап түзеп, салтанатты түрде жүріп өтті.
Мұхтар НЫСАНОВ, 
Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының құрметті мүшесі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика