Жыл соңында атқарылған жұмыстардың барлығы қорытындыланып, әр нәрсенің оңды һәм теріс жағы талқыға түсетіні бесенеден белгілі. Отандық шоу-бизнесте де солай. Кез келген өнер адамы алдымен өз-өзіне есеп береді. Олардың біразы жылдың қаншалықты өнімді болғанын жарыққа шыққан әні мен клиптерінің санымен таразылайтыны бар. Өз кезегінде «AynaLine» порталы бірқатар қазақ әншілерінің тойдағы «құнын» сұрастырып, сол арқылы биылғы жылы қаржылай жағынан кімнің көшбасшы болғанын анықтауға тырысты.
tories/CWjM1U1KN1it0jwO6U4Vq30F8mY0Xe.jpg» width=»250″ height=»166″ alt=»CWjM1U1KN1it0jwO6U4Vq30F8mY0Xe» style=»float: right;» />
Алдымен қазіргі қазақ эстрадасының бет-бейнесі, дұрысы – белді өкілі, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға тоқталайық. Өнер иесінің өзінен «тойдағы «ставкаңыз» қанша?» деп сұрағанымызда, ол бір демде: «оның не керегі бар?» деп өзімізді сауалдың астына алып, артынша бұның «жабық тақырып» екенін алға тартқаны бар. Сахна сандуғашы сыр ақтарғысы келмеген сұрақтың жауабын сенімді дереккөздерімізден білдік. Олардың сөзіне сенсек, Қуанышқызы 5 әнін орындағаны үшін 3 мың АҚШ долларын алады екен. Бұл – Алматыдағы баға. Аймақтарда өтетін тойдан оның тиісінше көп алатыны айтпаса да түсінікті. Аптасына кемінде 2-3 жұпты «қосатын» әншінің жылдық табысын есептеуді Сізге қалдырдық, оқырман. Ал қашан да ашық айтып, ақ сөйлейтін тағы бір Халық әртісі Мақпал Жүнісова болса, бұл жолы да әдетінен айныған жоқ.
— Әдемі болып жүргің келсе, тойға шығуға тура келеді. Неге десеңіз, негізгі табыс көзіміз сол ғой. Әсіресе, жаңадан көйлек кигім келген кезде, тойшы қауыммен кездесетінім бар, – деп бір күліп алған «қазақтың ерке қызы» сөзін сабақтап: — Ең аз дегенде 1 мың АҚШ доллары ғой сол. Онда да қатты қысылып, жағдайы болмай тұрғанда ғана бұл бағаға келісемін. Бірақ тума-туыс, таныстардың тойында тегін ән салатын кездерім де ұшырасады, – дейді ол. Орайы келгенде оған «ал ең көп қаржы тапқан тойыңызды айта аласыз ба?» деп қиыла кеттік. Мақпал Мұхамедиярқызы сөзге келместен былай деп ағынан жарылды:
tories/61b9df7302337addb27e3f8c7265e796.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»61b9df7302337addb27e3f8c7265e796″ style=»float: left;» />
tories/ac0e8a57d48a80582b78e76877830013-big.jpg» width=»250″ height=»167″ alt=»ac0e8a57d48a80582b78e76877830013-big» style=»float: right;» />
Бұл ретте Қазақстанды шулатып жүрген Қайрат Нұртас та атақ пен шатақ жағынан осал емес. Тойда ән шырқауын 7 мың АҚШ долларына бағалаған жас әншінің аяқталғалы отырған жылда 2 млн долларға байығанын «Forbes Kazakhstan» журналы есептеп те үлгеріпті. Қайраттың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, бұл дерек ақиқаттың ауылынан алыс. Әйтсе де, жыл сайын концерт берумен шектелмей, кино түсіріп, ол аздай сәнді киімдерді саудалайтын «бутик» ашқан 24 жастағы жігіт осынша көлемде қаржы таппағанда, кім табады дер-сің. Сондықтан енді санаулы күндерден кейін тарихқа айналатын осы жылдың ең қалталы да қарымды өнерпазы – Қайрат Нұртас десек, қателесе қоймаспыз. Оның келтірілген сан-айғақтарды жоққа шығаруын қазақы қарапайымдылыққа балағанымыз дұрыс-ау… Қанша айтқанмен, «тіл-көзден қорқамын» деген еңбекқор әнші жеке өмірін де осылай құпияда қалдырып отыр емес пе?
Leave a Reply