Шымкент қаласының прокуратурасында 6 желтоқсан — Қазақстан Республикасының прокуратурасы күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қала əкімі Е.Айтаханов пен осы салада еңбек еткен ардагерлер, сондай-ақ Консультативтік Кеңес мүшелері мен қатардағы қадағалау органы өкілдері қатысты.
tories/08122019-5.jpg» border=»0″ />
Жиында ашқан қала прокуроры Мақсат Қожабаев, әрбір прокурор қызметкер үшін бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталып, әріптестерін құттықтады және прокуратура органдары алдында тұрған жауапты міндеттерді орындауда үлкен жетістіктер тіледі.
Сонымен қатар, өз қызметтерін мінсіз, адал атқарып, жоғары нəтижелерге қол жеткізген сала қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен» марапаттады. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар прокурорларға арнайы сыныптық шендер беріліп, «І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен «І, ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгілері табысталды. Елдің тыныштығы мен игілігі үшін уақытпен санаспай қызмет атқарып жүрген қызметкерлер бұл күні қала әкімінің арнайы грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Жиында сөз алған қала әкімі барша прокурорларды кәсіби мерекемен құттықтап, қадағалау органы қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқанын жеткізді. Салтанатты жиын прокуратура қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Leave a Reply