Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Кайнбердиев және департамент басшысының орынбасары Салима Бопованың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Қазіргі таңда Департаментте 75 реттеліп көрсетілетін қызмет түрі бойынша 58 табиғи монополиялар субъектілері тіркелген.
tories/08122019-111.jpg» border=»0″ />
01.01.19 жылдан бастап тарифтерді төмендету – 4,0 млрд.теңге. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табиғи монополия субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің коммуналдық қызметтеріне тарифтері төмендетілді (барлығы 12 ТМС және ҚМБНС). Төмендеулер қызмет түрлері бойынша төмендетілді:
1.Жылумен жабдықтау саласында орташа тарифі:
— тұрғындарға 1 Гкал үшін 6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге немесе 18,9%-ға,
— заңды тұлғалар үшін орташа тариф 1 Гкал үшін 17319,26 теңгеден 15587,34 теңгеге немесе 10%-ға төмендеді (ҚҚС-н қоса есептегенде).
— бюджеттік мекемелерге өзгеріссіз қалдырылды.
2.Сумен жабдықтау бойынша тарифтер орташа есеппен 75 % төмендеді, суды бұру бойынша тарифтер 6,8% төмендеді.
3.Газбен жабдықтау саласында тарифтер:
— тұрғындарға 1 м3 үшін 34,47 теңгеден 32,47 теңгеге немесе 5,8%-ға;
4.Электрэнергиясы саласы бойынша тарифтер орташа есеппен 6,8% төмендеді
Жалпы тарифтердің төмендеуі 12 табиғи монополия субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерін қамтып, барлығы тұтынушылар үшін үнемделген қаржы шамамен 4,0 млрд. теңге болады. («Энергопоток» ЖШС – 2679 млн. теңге, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС – 592,5 млн. теңге, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 410,0 млн. теңге, «3-Энергоорталық» АҚ – 98,0 млн. теңге, «ҚазТрансгаз Аймақ» ШФ – 102,7 млн. теңге, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК – 52,6 млн. теңге, «Женис-Т» ЖШС – 37,3 млн. теңге және басқалар)
2018 жылдың тарифтік сметалардың орындалуы бойынша есеп тапсыруға, жаңадан құрылған 7 табиғи монополияларынан басқа, 56 –і есеп тапсырды, 8 –і есептерді уақытылы тапсырмады. Уақытылы есеп бермеу бойынша заңнаманың бұзылуына байланысты аталған монополистер жалпы сомасы 3,030 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Шымкент қаласы бойынша Департаментімен 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметалардың заңнамалық талаптардан астам орындалмауы, сонымен қатар инвестициялық бағдарламалардың орындалмауына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 33 субъектілеріне 36 қызмет түрлері бойынша жалпы сомасы 537,75 млн. өтемдік тарифтер енгізілді, тарифтердің төмендеуі 1 пайыздан 95,3 пайызға дейін болды.
Департаментпен «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп 2018-2019 жж жылыту кезеңі үшін сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынатын және жылуды есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша 2018-2019 жж жылыту кезеңі үшін 2540 мың м2 орташа жылыту ауданын ескергенде халыққа қайтарылатын қаражат сомасы 39,98 млн. теңгені құрады.
Өткен жылу маусымы қорытындысымен Шымкент қаласының тұтынушыларына 40 млн. теңге қайтарылды.
Тұрғындар үшін тарифтер өзгермейді. Табиғи монополия заңдылықтарына сәйкес базалық табиғи монополия субъектілеріне тарифтердің шекті (ұзақ мерзімдік, инвестициялық) деңгейлері 5 және одан да жоғары жылдарға бекітілген. Осылайша, бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан тарифтердің өсуі:
— сумен жабдықтау қызметі бойынша орташа есеппен 20,7 %;
— сарқынды суларды бұру қызметі бойынша (канализация) орташа есеппен 24,4%;
— жылумен жабдықтау қызметі бойынша орташа есеппен 16,2% болған.
Тұрғындар үшін тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен және табиғи монополия субъектілерімен бірлесе отырып, тұрғындарға тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыстар атқарылды. Жүргізілген жұмыстарың қорытындысымен ТМС өз еркілерімен тұрғындар үшін тарифтерді төмендету туралы және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешімдерін қабылдады, яғни 2020 жылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтеріне тұрғындар үшін тарифтер көтерілмейді және қолданыстағы деңгейде қалдырылады. Электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясының шекті тарифтерінің жоғарылауына байланысты электр энергиясының тарифі 2018 жылдағы деңгейге дейін жоғарылауы мүмкін.
2020 жылы тарифтердің өсуіне жол бермей, тұрғындардың қаржысын үнемдеу 2,32 млрд.теңге («Су ресурстары-Маркетинг» — 1,57 млрд.тг., «Қуатжылуорталық-3» МКК – 190,0 млн.тг., «3-Энергоорталық» — 303,3 млн.тг., «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК –145,73 млн.тг., «ҚазТрансГаз Аймақ» ШӨБ – 112,3 млн.тг. және басқалар ) болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлығы «elicense.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Департамент 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Анықтамалық:
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру (3 өтінім беріліп, 3- кері қайтарылды);Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келісім беру (4-өтінім түсіп, 1 қанағаттандырылды, 3 кері қайтарылды); Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру;Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару (20-өтінім түсіп, 12 қанағаттандырылды, 8 кері қайтарылды).Департаментке жылдың басынан бері барлығы 173 өтінімдер монополистерден келіп түскен.
Департамент құрылған сәттен бастап (2018 жылдан бастап) 585 арыз-шағым, оның 132 – арыз-шағым қаралау реті бойынша өзге органдарға жіберілді, 241 – шағым бойынша түсіндірме жолданып, 212 — арыз бойынша 36 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ — 15, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 8, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС — 4, «3-Энергоорталық» АҚ — 4, тексерулер нәтижесі бойынша 53 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 106 млн. теңгеден астам айыппұл салынды (41,2 млн. теңге өндірілді).Заңнаманы бұзушылықтарды тез арада жою туралы 35 нұсқама шығарылып, тұтынушылардан негізсіз алынған 286,6 млн.тенге қайтарылды (газбен жабдықтау – 251,6
млн.тенге, жылу энергиясы бойынша – 34,7 млн.тенге, кірме жолдар бойынша – 331,5 мың тенге). Тарифтерді реттеу бойынша Департаментпен тұрғындардың қаржыларының үнемделуі 7 млрд. теңге көлемінде, сонымен бірге негізсіз алынған кірістерді қайтару бойынша 286,6 млн.тг қамтамасыз етілді, 210 мың абоненттің немесе 1 млн. адамның құқықтары қорғалды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті
Leave a Reply